ДІНИ СЕМИНАРДА НАҚТЫ ШАРАЛАР ҰСЫНЫЛДЫ -1

0
55

Қазақстан Республикасы егемендігін жариялағалы отыз үш жылға жуықтады. Осы мерзім ішінде жас мемлекетіміздің іргетасын бекіту үшін көптеген жұмыстар атқарылып келеді. Саяси-қоғамдық қатынастарды, әлеуметтік-экономикалық дамуды, халықтың өмір сүру жағдайын жақсартуды реттеу бойынша жан-жақты жұмыстар атқарылуда. Мемлекет көп салада дамып, ондаған этностар мекендеген елімізде ұлтаралық түсіністік, қоғамдық қатынастарда ынтымақ қалыптасты. Дегенмен, әлемдегі көптеген мемлекеттердегі саяси-қоғамдық қатынастар діни мәселелерден туындап, әлеуметтік мәселелермен астасып мемлекеттің тұғырын шайқалтып жатқанын да көріп жүрміз. Сондықтан қоғамдық қатынастарында ынтымақ пен түсіністік болып, саяси-экономикалық салалары қатар дамыған мемлекеттерде әлеуметтік, рухани салалар да дұрыс дамуға бағыт алатыны анықталды. Сол себепті де біздің елімізде әсіресе, халықтың діни сауаттылығына ерекше назар аударылуда. Өйткені ресейлік, кеңестік кезеңдерде дәстүрлі діндерге қысым болып, олардың қалыпты жағдайын жойып, тиым да салынды. Соның кесірінен халық ата-баба дінінен қол үзіп, басым бөлігі атеистік бағытта тәрбиеленді.
Егемендігімізді жариялап, демократиялық талаптарға сай, сөз, дін, саяси еркіндіктерге жол берілгенде еліміздің аумағына нешетүрлі әлем елдерінде тиым салынған қоғамдық, діни, саяси ұйымдар қаптап келе бастады. Мемлекет тарапынан оларды реттеуге күш салынып жатқанымен, олқылықтар да орын алды. Арада онжылдықтар өткенде елімізде діни сауатты, оны ғылыми жіктеп талдап беретін мамандар қалыптасты. Дінтанушы-теологтар халықтың діни сауаттылығын қалыптастыруда, дәстүрлі діндер мен жолдан қосылған әсіредіншілдікті насихаттаушы секталардың жігін ашып беруде үлкен жұмыс атқаруда.

(жалғасы бар)