БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЛАГЕРІ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ -2

0
70

Сондай-ақ бұл шара жас белсенділер арасынан жаңа толқындағы саяси көшбасшыларды даярлауға мүмкіндіктерді кеңейтуге қызмет етеді.
Ашылу салтанатында жастар үшін жеке және кәсіби қасиеттерін дамытуға арналған түрлі бағыттағы тренингтер, тимбилдингтер және «Bir tolqynda» диалог алаңы өткізіліп, жастарды толғандыратын түрлі тақырыптар шеңберінде пікір алмасулар өтеді деп жоспарлануда.
Жұмысын бүгін ресми түрде бастаған республикалық саяси лагерь 24 тамызға дейін жалғасады.
Ашылу рәсімінде «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» Жастар қанатының төрағасы, Ақерке Искандерова, сөз сөйлеп, партияның жас белсенділерін Түркістан облысында көргеніне қуанышты екенін жеткізді.
«Ортамызды толтырып жатқандарыңызға алғысымызды білдіріп, қош келдіңіздер дегім келеді. Лагерьдің жұмысын ресми түрде ашық деп жариялаймыз»,- деді ол.
Лагерьдің бірінші күніндегі бағдарламада қатысушылар саяси лагерьдің ашылу салтанатына қатысып, тимбилдингте жастар топтарға бөлініп, демалыс аймағының жұмысымен танысты. QUIZ ойындары ойнатылып, әр өңірден келіп, бас қосқан жастардың сауық кеші аймақтардың концерттік бағдарламасымен жалғасты.