БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЛАГЕРІ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ -1

Мемлекеттің «Жастар саясаты» бағдарламасы еліміздің жас ұрпағын заман талаптарына сай етіп тәрбиелеуді, білімді де білікті, тәрбиелі де отаншыл, шымыр да шыныққан, қоғамда белсенді, саясатта салықалы болға бейімдеуді мақсат етеді. Жастар мемлекеттің ертеңі болғандықтан, еліміздің болашағын лайықты ұрпақтың қолына тапсыру ел басшылығының алға қойған басты міндеттерінің бірі. Сондықтан да республикалық, облыстық, аудандық, қалалық деңейлерден бастап жеткіншектер және жастар тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінеді. Сондай жастардың саяси-қоғамдық өмірдегі белсенділігін қалыптастыруды мұрат тұтқан дәстүрлі республикалық жастар саяси лагерінде басқосу Түркістан облысында болды.
Бүгін Түркістан облысы Төлеби ауданындағы «Тау самалы» демалыс аймағында «AMANAT» партиясының жыл сайынғы республикалық жастар саяси лагері өз жұмысын бастады. Партия жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанатының ұйымдастыруымен өтіп жатқан ауқымды шараға республикалық мәртебесі бар 3 қала мен 17 өңірден 300-ден астам делегаттар қосылды. Делегаттар 4 күнге созылатын шарада «Bir Tolqynda» диалог алаңының, тақырыптық панельдік сессиялар мен оқыту семинарларының жұмысына қатысады.
Жастарға арналған саяси лагердің жұмысына «Жастар рухы» Жастар қанатының мүшелері, депутаттар, жастарды қолдау жөніндегі республикалық және өңірлік кеңестердің мүшелері, жастар санатындағы қоғамдық пікір көшбасшылары, жастар ұйымдарының көшбасшылары мен өкілдері, еріктілер, эко-белсенділер, жас кәсіпкерлер, ғалымдар, спортшылар, шығармашылық жастар қатысып жатыр.
Шараның мақсаты — белсенді қазақстандық жастарды партиялық жобалар мен бастамаларды іске асыруға жұмылдыру, олардың заманауи дағдыларды игеруге қабілетін арттыру.
(жалғасы бар)