ҚОС ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН 31 АЛТЫН МЕДАЛЬ ОЛЖАЛАДЫ -1

0
52

Ел болашағы мен бүгіні үшін азаматтарының денсаулығы мықты болуы маңызды.  Денешынықтыру мен спорттың бұқаралық сипат алуын қамтамасыз ету арқылы дені сау азаматтар мен жас ұрпақты өсіруге болады. Түркістан облысында Ел басшысының халықтың отыз пайыздан астамының бұқаралық спортпен айналысып, денсаулығын нығайтып, белсенді де салалауатты өмір сүруін қамтамасыз ету бағытында жоспарлы жұмыстар жасалуда.  Соның арқасында кейбір спорт түрлері облыстың аудандарында бұқаралық сипат алып, оның тұрғындары арасынан республиканың ғана емес халықаралық және әлемдік жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері мыңдап шығуда. Сондай аудандардың бірі – Шардара ауданы.
2024 жылы тамыз айының 15-24 күндері аралығында Молдова елінің Кишинёв қаласында өткен армрестлингтен 45-ші әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. 61 мемлекеттен 1500-ден аса спортшылар қатысқан Әлемдік додада жерлестеріміз жеткіншектер, жасөспірімдер, жастар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар және ересектер арасында 20 алтын алқаны қанжығаларына байлап, дүниежүзінің алдында Әнұранымызды 20 рет шырқатты. Жеңіс тұғырынан көрінген жерлестерімізді атап айтар болсақ:
Жеткіншектер арасында Әлем чемпиондары:
1. Алдан Нұрсұлтан
2. Қали Текжігіт
3. Анвар Эльдар
4. Серік Ерсұлтан
5. Закирова Назым
Жасөспірімдер арасында Әлем чемпиондары:
1. Есен Мейрамбек
2. Маманияз Жасурбек
3. Мелдебек Болат
4. Ибрагим Әділет
5. Оралбай Ұлжан
6. Абдулла Аружан
7. Оразхан Ырысты
Жастар арасында Әлем чемпиондары:
1. Мухамбетов Ердаулет
2. Қали Қасымжомарт
Мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында Әлем чемпионы:
1. Құралбаев Ұлықбек
Ересектер арасында Әлем чемпиондары:
1. Нұрмахан Ердәулет
2. Зәрубек Санжар
3. Ерсайын Мейрамбек
4. Айдархан Нұрдаулет
5. Құттымұратов Медет

(жалғасы бар)