ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТЫН КӨТЕРІП СЕРТИФИКАТ АЛДЫ

0
54

Президентіміз «Қазақстан Республикасының жан-жақты дамуы мен бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарына қосылып, экономикалық қарқынды дамуға қол жеткізу үшін халықтың қаржылық және құқықтық сауаттылығын көтеру қажет. Сонда құқығын білетін әрбір азамат заңдылықты да сақтап, қоғамдағы теріс жағдайларға, сыбайлас жемқорлық пен парақорлыққа төзбестік танытатын болады. Ал қаржылық жағынан сауаттылығын арттырған азаматтар нарықтық қатынастарда өз жолын тауып, алаяқтарға алданбайтын, экономикалық жағдайды саралай алатын болады» деп қазақстандықтардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын көтерудің маңыздылығын ерекше атап өткен еді.
Түркістан облысында барлық қала, аудандарда азаматтардың қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыру жұмыстары үздіксіз әрі жоспарлы жүргізіліп келеді. Соның арқасында азаматтар жосықсыз қарыз, несие алу сияқты зиянды әрекеттерді азайтып, қайта есеп-қисаптың арқасында үнемшілдікті, тіпті жеке кәсібін ашуға да ұмтылыс танытуда.
Созақ ауданда «Қарызсыз қоғам» білім беру жобасы іске асырылуда. Мемлекет басшысының жолдауында азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша берілген тапсырманы орындау шеңберінде “Amanat” партиясының бастамасымен «Қарызсыз қоғам» білім беру жобасы қаржы сарапшыларының қатысуымен ауданымызда іске асырылуда.
Осы ретте, аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов қаржылық сауаттылығын арттырған бірқатар азаматтарға сертификат табыс етіп, білім беру жобасына қатысушыларға сәттілік тіледі.
Айта кетейік, бүгінге дейін жоба аясында 704 адам қатысып, сертификат алды. «Қарызсыз қоғам» жобасына қатысушыларға сарапшы Шалқар Айхожаев өз отбасының бюджетін оңтайландыру;
— Тиімді несие алу мен депозиттер ашуды үйрену;
— Банкроттыққа тапсырудың критерилері;
— Қайтарымсыз мемлекеттік грант пен «Ауыл аманаты» жеңілдетілген несие бағдарламасы туралы;
— Алаяқтарға алданбау мен қаржы пирамидаларының құрсауына түспеу жолдарын кеңінен түсіндіріп, ақпараттар берді.