МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАЛЫ БОЛУ КЕРЕК

Өркениетті де құқықтық мемлекеттерде азаматтардың құқықтары мен қоғамдағы заңдылықтар қатаң сақталады. Заң талаптарын мемлекеттік қызмет ұсынушы тарап та, сол қызметті алушы тарап та толық орындауға тырысады. Біздің ел сияқты ұзақ мерзімдік бодандықтан шығып мемлекеттілігінің іргетасын қайтадан қалам жатқан мемлекеттер үшін заңнамалардың сақталуы мен орындауына бақылау болмаса болмайды. Сондықтан да, Түркістан болысында мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Жетісай ауданы әкімі аппаратының қызметкері «Жетісай қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне қоғамдық бақылау жүргізді.
Шара барысында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жасалған жағдайы, қызмет алушыларға арналған қабылдаудың сапалы ұйымдастырылуы, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы және т.б. мәселелер қаралды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жайлы ақпараттық стендтегі нормативтік құқықтық актілерді жаңарту қажеттігі ұсыныс ретінде айтылды.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы өзекті мәселелерге көбірек көңіл бөлуді, азаматтардың өтініштеріне уақытылы және сапалы қызмет көрсету тапсырылды.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Жетісай ауданы әкімі аппаратының қызметкері «Жаңа ауыл әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне қоғамдық бақылау жүргізді.
Бақылау кезінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін шақыру батырмасы қойылмағандығы, ақпараттық стендте Жаңа ауыл әкімі аппараты тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жайлы мәлімет толық еместігі, өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы интернетке жалғанбағандығы анықталып, ретке келтіру бойынша ұсыныстар берілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы өзекті мәселелерге көбірек көңіл бөлуді, азаматтардың өтініштеріне уақытылы және сапалы қызмет көрсету тапсырылды.
Аудан әкімдігі тарапынан алдағы уақытта аудандағы мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелерге тұрақты түрде қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілетін болады.
Кентау қаласының әкімдігінің Мемлекеттік қызметтердің сапалы әрі қолжетімділігін қадағалау мақсатында кезекті қоғамдық бақылау жұмыстары Ащысай ауылы әкімінің аппаратына жүргізілді.
Аталған іс-шараға Кентау қаласы әкімі аппаратының ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің мамандары қатысты.
Қоғамдық бақылау барысында, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жасалған жағдайы, қызмет алушыларға арналған қабылдаудың сапалы ұйымдастырылуы, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының болуы бақыланды.
Сонымен қатар, қызмет алушылардың сұраныстарына назар аудара отырып, өтініштерді қарау кезінде әуре-сарсаңды болдырмай, мемлекеттік қызмет көрсету барысында тиісті жағдай жасау, сондай-ақ, клиентке бағдарлану қағидасымен жұмыс жасау керектігі түсіндірілді.
Алдағы уақытта мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелерге тұрақты түрде қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілетін болады. Өйткені мемлекеттік мекемелер қарапайым халықтың қызметшісі ретінде олардың мұң-мұқтаждарына көңіл бөліп, сапалы қызмет көрсеткенде билік пен халықтың арасындағы түсіністік те, ынтымақ-бірлікте артып қоғамда, мемлекеттің дамуында серпіліс болады.