АНА ОТБАСЫНЫҢ ЖҮРЕГІ, МЕЙІРІМДІЛІК ТІРЕГІ

Ел басшысы мемлекетіміздің беріктігі мен қалпыты дамуыұлттық отбасылық құндылықтарға, ана мен баланы қорғап, қолдауға байланысты екенін үнемі айтыа келеді. Мемлекеттің отбасылық құндылықтарды насихатату жіне ана мен баланы қорғау бағытындағы саясаты мен арнайы қабылданған бағдарламалары бүгінде жүзеге асырылып келеді. Отбасы, әйелдер және балалардың құқығын қорғау мәселелері бойынша «111» бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығы жұмыс істейді. Бұл орталыққа өмірлік қиын жағдайға ұшыраған отбасын болса, отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылық немесе қысым көрсетілсе, балаларға қауіп төндіретін жағдайларды байқағанда хабарласып көмек, қолдау алуға болады.
Сонымен қатар еліміз бойынша отбасыларды, ана мен баланы қорғап, қолдауды жүйелі түрде реттеп отыру механизмдері де жасалған. Оған қоса мемлекеттік мекемелерге қосымша қоғамдық, қайырымдылық ұйымдары да отбасы мен ана және балаларды қорғау бойынша жұмыс жасайды. Мұның барлығы да елімізде отбасылық құндылықтарды қорғау мен жаңғыртуға, ана мен баланың қауіпсіз, жайлы жағдайда өмір сүруіне жағдай жасау мақсатында жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, елімізде отбасылық құндылықтар арқылы шаңырақтың шайқалмауын, өнегелі жанұялардағы тәлім-тәрбиені насихаттау да жолға қойылған.
Түркістан облысы республикадағы ең көп отбасы шоғырланған, ана мен бала саны ең көп аймақ ретінде отбасылық құндылықтарды насихаттауды жүйелі түрде жүзеге асырып келе жатқан аймақ.
Таяуда Сауран ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен “Ана — отбасы жүрегі, мейірімділік тірегі” атты тақырыпта облыстық іс-шара ұйымдастырылды. Шараны аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев ашып, қазақта «Ана – отбасы жүрегі, мейірімділік тірегі» деген сөз бар. Аудандағы Әжелер алқасымен қатар, Аналар кеңесі қазақ халқының ұлттық құндылықтары мен отбасылық тәрбиені насихаттау бойынша көптеген іс-шаралар ұйымдастырып, ұрпақ тәрбиесі жолында елеулі еңбек етіп жатқанын атап өтті. Облыста шаңырағына бақыт құсы қонып, шаттық нұрына бөленіп, басқаларға өнеге көрсетіп жүрген, оннан астам баланы тәрбиелеп ел демографиясына үлес қосып келе жатқан көпбалалы аналар жетерлік. Сонымен бірге түркістандық аналардың көпшілігі мемлекеттік, әлеуметтік мекемелерде, жеке кәсіпкерлік саласы мен қоғамдық ұйымдарда, бизнес, ғылым мен білім салаларында еселі еңбек етіп жүр.
Түркістан облыстық Семей ядролық полигоны ардагерлер кеңесінің төрағасы Құралтай Салықбаев өз сөзінде қазіргі таңда отбасымен қатар, еліміздің түрлі саласында аянбай еңбек етіп, тер төгіп жүрген нәзікжандыларымыз қаншама?! Ұрпақ үшін ана тәрбиесінен асқан алтын қазық жоқ. Бір сөзбен айтқанда, аймағымыздың алға ілгерілеуіне бір кісідей үлес қосып отырған, “бір қолымен бесігін, бір қолымен әлемді” тербететін аналарымыздың орны қашанда төр екендігін жеткізді.
Сауран аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов айтуынша қазақ халқының дәстүрінде әйел — анаға, отбасы ошағының сақтаушысына, әйел — еңбекқорға деген сый — құрмет ерекше болған. Аналарымызды халқымыз әрдайым құрмет тұтып, жұмақты ана табанының астынан іздеген. Адамзат баласы ана алдында қашанда басын иеді, анаға мәңгілік қарыздар. Өйткені, ана – тіршіліктің тірегі, отбасының алтын діңгегі. Әйелдің жүрегі – әлемнің тірегі, ана қуанышы, әйел қуанышы – әр үйдің, отбасының мерейі саналады, — деп ізгі тілектерін білдірді.
Ісшара барысында қазақ халқының ұлттық құндылықтарын насихаттап, еңбек етіп жүрген әжелер мен аналарымызды Бақытжан Кеңесбекұлы құттықтап, аудан әкімінің Алғыс хатымен және сыйлықтармен марапаттады. Аналарға арналған іс-шараның соңында Бақытжан Кеңесбекұлы «Қарты бар үйдің қазынасы бар» дегендей, бұл аналарымыз біздің мақтанышымыз және сарқылмас қазынамыз, – деп жиынды қорытындылады.