ЭТНОСАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ ЕЛ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ

0
56

Қазақ ұлтының бабаларынан қалған байтақ жері бүгінде Қазақстан Республикасы мемлекетін құраушы қазақ халымен қоса жүзден астам этностардың да тұрғылықты мекеніне айналып отыр. Тағдыр тәлкегімен, түрлі жағдайлармен қазақ жеріне келген түрлі этностардың ұрпақтары егеменді еліміздің азаматтары ретінде еліміздің өркендеуіне үлесін қосып жүр. Мемлекет басшысы барлық этностарды қазақ халқының айналасына топтастыра отырып, ынтымақ пен бірлікте болсақ Қазақстанның болашағы да жарқын болатынын айтқан болатын. Сондықтан да елімізде этносаралық татулық пен түсіністікті, ынтымақ пен берекені қалыптастыру бағытында тұрақты жұмыс жасалып келе жатыр.
Түркістан облысында да бұл бағыттағы жұмыстар жоспарлы жүзеге асырылуда. Күні кеше Сарыағаш  ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкиннің қатысуымен кездесу өтті.
Жиынға ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Ғалымжан Махан, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі өкілдері, Сарыағаш және Келес аудандары әкімінің орынбасарлары , қала және ауыл округтерінің әкімдері, құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.
Бұдан соң,  Ғалым Нұрмағамбетұлы мен Ғалымжан Жайықбайұлы Сарыағаш және Келес ауданындағы этномәдени бірлестіктер мен ҚХА құрылымдары жетекшілерімен кездесу өткізді.
Жиынға Сарыағаш және Келес ауданы ҚХА жанындағы құрылымдар жетекшілері мен мүшелері, қоғам белсенділері, этномәдени бірлестіктер жетекшілері мен мүшелері қатысты.
Алқалы басқосуда аудан тұрғындары ұсыныс-пікірлерін ортаға салды, сондай-ақ қатысушылар этносаралық татулықты сақтау бағытында пікір алмасты.
Ауданда орналасқан  Марғұлан жалпы орта мектебі ғимаратында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық  қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ.Шойкин мен ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Ғ.Маханның қатысуымен Жібек жолы елді мекенінің  тұрғындарымен кездесу өтті.
Жиынға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев, Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаев, сондай-ақ ауыл ақсақалдары, билер, белсенді тұлғалар, елді мекеніндегі әзербайжан, өзбек, түрік этностарының өкілдері және  БАҚ өкілдері қатысты.
Келелі кеңесте Ғалым Нұрмағамбетұлы мен Ғалымжан Жайықбайұлы мазмұнды баяндама жасап, этносаралық ахуал бойынша пікір білдірді. Баяндамашылардың баяндауларын тыңдап отырған сарыағаштықтардың арасында ондаған этностардың өкілдері отырды. Олар қазақ жеріндегі татулық пен бірліктің тек қазақ үшін емес барлық қазақстандықтар үшін қымбат екенін ұғына түсіп, қазақстандықтардың өзара түсіністікте, ынтымақта өмір сүруі Қазақстан Республикасының қарыштап дамуының кепілі екенін ұғына түсті.
Жиын барысында  аудан тұрғындары ұсыныс-пікірлерін ортаға салып,қатысушылар этносаралық татулықты сақтау, қоғамдық келісімді нығайту бағытында пікір алмасты. Осы ретте, Жібек жолы ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Бердімұратов Ермұрат, Жібек жолы ауылдық округінің биі, аудандық мәслихат депутаты Делишов Нұржан сөз сөйлеп, елдің амандығын тіледі.
Келесі кезекте ауданға қарасты Жібек жолы ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында кездесу өтті. Кездесуге  аудан әкімдігінің басшылығы, Жібек жолы ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері, мектеп мұғалімдері қатысты.