БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

0
226

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында сөйлеген сөзінде балалар арасында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығын атап, білім беру ұйымдарындағы тәрбие ісіне ерекше назар аударуды тапсырды. Осылайша 2023 жылы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы әзірленіп, барлық білім беру ұйымдарына енгізілді.
Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА-мен, «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты» КеАҚ-мен, «Білім инновация лицейлері» «Білім инновация» ХҚҚ-мен бірлесіп, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бойынша семинарға білім басқармасының мектепке дейінгі, орта және кәсіптік, техникалық білім беру бөліміне жауапты мамандары, облыстық әдістемелік орталықтардың тәрбие жұмысына жауапты мамандары қатысты. Жаңа оқу жылына дайындық аясында өткен семинарда жеткіншектеріміз бен жастарымызды кешенді түрде бірлескен біртұтас тәрбие беру бағдарламасы бойынша тәрбиелеу арқылы жасөсіпірмдердің тәрбиесінің деңгейін көтеру жұмыстары жүргізілетін болады. Ол үшін жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық құндылықтар жас ұрпаққа жүйелі де тыңғылықты түрде насихатталып, бойларына жауапкершілік, парасаттылық, адалдық, отансүйгіштік қасиеттер егіледі. Сонда қазақстандық балалар заман талабына сай болып, отаншылдық рухта ержетеді.
Аталған бағдарлама мақсаты — қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен адалдық, ар-ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру.
Бағдарлама мазмұны «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының мақсатына, міндеттеріне және күтілетін нәтижелеріне шолу жасаудан басталды. Тыңдаушылар «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының әдіснамалық негіздерімен танысып, құндылықтар жүйесі, құзыреттіліктер туралы түсініктерін кеңейтті.
Сонымен қатар, Оқыту барысында тыңдаушы практикалық дағдыларын жетілдіру үшін өңірлерде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыруды жоспарлайды, өңірлік тәрбие жұмысының жоспарын әзірлейді, оны әріптестік ортада талдайды және кері байланыс алып, өңірдегі тәрбие жұмысын жақсарту бойынша шешімдер қабылдайды.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасына құқық қорғау, облыстық полиция қызметкерлері де өз саласы бойынша үлес қосуда. Облыста 900 мыңнан астам кәмелетке толмағандар бар, ал олардың қауіпсіздігі басты орында. Бұл бағытта Полиция департаментінің қызметкерлері мен басқа да құзырлы мемлекеттік органдар бірлесіп, жоспарға сай жұмыс жасап келеді.
Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында түнгі рейдтер мен «Түнгі қаладағы балалар» «Жасөспірім және жауапкершілік», «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізілуде.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жыл басынан бері құқық бұзушылыққа бейім 449 кәмелетке толмаған және бала тәрбиесіне немқұрайлы қарайтын 290 қолайсыз отбасы Ішкі істер органының есебіне алынды. Ішкі істер бөліміне қарасты арнаулы бөлімдердің қызметкерлері мектептегі ұстаздармен, отбасындағы ата-аналармен, тұрғылықты жерлеріндегі ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс жасай отырып әрбір жеткіншектің назардан тыс қалып, теріс жолға түсіп кетпеуіне қол жеткізуге күш салады. Ол үшін жыл бойы тәртіп сақшылары тарапынан көптеген рейдтер, кездесулер, түрлі акциялық шаралар ұйымдастырылады.
Тәртіп сақшыларымен түнгі уақытта ойын-сауық орындарында жүрген 224 кәмелетке толмаған, ал тұрғын үйден тыс жерде жүрген 4864 жасөспірім анықталды.
Сағат 22:00 ден кейін ойын-сауық орындарында кәмелетке толмағандардың заңды өкілінсіз болуына жол берген 120 мекеме иесі жауапкершілікке тартылды. Осындай жүйелі жұмыстардың арқасында кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар -3,8% төмендеді.