БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ ЛИЦЕЙЛЕРІ АРАСЫНДА БЕСТІККЕ КІРДІ

0
74

Мемлекет басшысы білім беру саласын жетілдіруде инновациялық жобаларды оқу процесіне енгізіп, оқушылардың білім деңгейін әлемдік стандарттарға дейін көтеру бағытында жұмыс жасаудың маңыздылығын ерекше атап өткен еді. Соған орай ілімізде лицейлерде білім беру жүйесін жетілдіріп, озық технологиялық әдістер мен ғылым-білім жетістітерін пайдалануда. Сонымен бірге бұл оқу орындарында педагогтерге қойылатын талаптар күшейтіліп, мұғалімдердің білімін жетілдіруіне де баса көңіл бөлінуде. Түркістан облысында да бұл бағытта айтарлықтай жұмыстар атқарылып, лицейлердің білім беру нәтижелері жақсарып келеді. Солардың бірі — Түркістан білім-инновация лицейі.
Білім күніне орай Түркістан білім-инновация лицейінде 7 сынып оқушылары қабылданды. Биыл лицей табалдырығын 170 оқушы алғаш рет аттады. Мерекелік жиынға Түркістан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Ерғалиқызы қатысып, оқушыларға жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.
Іс шара барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын дарынды жастардың арасында кеңінен насихаттау, жастардың бойында инновациялық идеяларын арттыру, ғылыми, шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында өткен «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты республикалық байқауынан жүлделі І Дәрежелі Дипломмен және Тәуелсіздік «Дарыны» төсбелгісімен 10 «а» сынып оқушысы Шүкірбек Ардақ Жұмабекұлы марапатталды.
Айта кетерлігі, 2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша «Білім-инновация» лицейлері арасында Ұлттық біріңғай тестілеудің қорытындысы бойынша Түркістан «Білім-инновация» лицей-интернаты орташа 112 ұпаймен Қазақстан бойынша бестікке кірді. Ал, лицейлер арасында бірінші орынды иеленді.
Жаңа басталған оқу жылында бұл білім ордасының ұжымы жұмысты жетілдіре отырып бұдан да биік көрсеткіштерге жетуді алдарына мақсат етіп қойып отыр.