«ӨНДІРІСТІК ПАРК» ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

0
63

Қазақстан Республикасының Президенті биылғы Жолдауында да еліміздің әлеуметтік-экономикалық, жан-жақты дамуына  инвестиция тартудың маңыздылығын атап айтты. Жалпы «Қуатты өңірлер –Ел дамуының драйвері» десек өңірлердің дамуында ішкң және сыртқы инвестициялық жобаларды турту үлкен рөл атқарады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды барлық қала, аудан басшыларына бірінші кезекте инвестиция тарту мәселесіне көңіл бөлу аумақтың дамуының көрсеткіші екенін айтып, бұл іске жауапкершілікпен қарауды жүктеген.

Облыс әкімінің қолдауымен инвестициялық жобаларды арттыру мақсатында Түркістан облысының Сауран ауданында «Өндірістік парк» құрылысы жүргізілуде. Өндірістік парк 30 гектар жерде орналасқан және жалпы көлемі 66 мың мың шаршы метрді құрайтын парк аумағында 42 ғимарат салу жоспарланған. Жалпы, Өндірістік парктің құны 13 млрд. теңгені құрайды және оның құрылысы аяқталғанда 1 теңге бюджеттік қаржыға шамамен 7,5 теңге жеке инвестиция тартылуы күтілуде. Қосымша 70 гектар жер телімі анықталып, парк аумағын ұлғайту жоспарлануда. Маңызды жоба Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының жіті бақылауымен жүзеге асуда. Өңір басшысы құрылыс барысын бақылап, жауаптыларға бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Өндірістік парктер аумағында әкімшілік ғимаратын салу да жоспарда бар. Ғимаратта парк қатысушылары өндірген өнімдерінің көрме залы ұйымдастырылатын болады.

Ауқымды құрылыс «Түркістан» әлеуметтік корпорациясы және жеке инвестор есебінен жүргізілуде. Маңызды жоба 3 кезеңмен жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде 10 ғимараттың құрылысы аяқталып, 23 мың шаршы метр қолданысқа берілді. Бір ғимараттың жалпы ауданы 1 584 шаршы метрді құрайды. Бүгінгі таңда 6 жоба іске асырылып 30,7 млрд. теңгеге инвестиция тартылған және 550 жаңа жұмыс орындары құрылуда.

Қазіргі уақытта Өндірістік алаңында жұмыс жасап жатқан бірқатар кәсіпкерлер бар. Елімізде алғаш ашылған су үнемдеу технологияларын енгізіп, жаңбырлатып суғару және тамшылатып суғару жүйелерін шығаратын «BNK Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кәсіпорны осында орналасқан. Жалпы инвестиция құны 11,1 млрд.теңгені құрады. Түркістандық 100 тұрғын жаңа жұмысқа орналасты.

«Aqniet Holding» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (инвестиция құны 3,1 млрд.теңге, 100 жаңа жұмыс орын) мектепке арналған жиһаздар мен медициналық жиһаздарын өндіретін кәсіпорны, украиналық «UBC Group» компаниясы (инвестиция құны

10 млрд.тг, 350 жаңа жұмыс орын) өнеркәсіптік тоңазытқыштарды өндіретін кәсіпорны парк аумағында өз жұмыстарын бастап жатыр. Бұдан бөлек, медициналық өнімдер, бөлме аралық есіктер және тағы басқа өнімдерді шығаратын кәсіпорындар да жұмысын бастауда.

Ауқымды құрылыстың екінші кезеңінде осы жылы жалпы аумағы 25 мың шаршы метр болатын 12 ғимарат салу жоспарлануда. Аталған ғимараттарға инвесторлар іріктелініп алынды, құрылысы аяқталған соң 1000 жаңа жұмыс орны ашылады (инвестиция құны 32,3 млрд. тг).

Ал үшінші кезеңде, яғни 2025 жылы 14 ғимаратты іске қосу жоспарланып отыр. Кәсіпкерлер инженерлік инфрақұрылымы жүргізілген, құрылысы дайын өндіріс орындарына қызығушылық танытатыны күмәнсіз.

Өндірістік паркті құру мақсаты – әртүрлі көлемдегі өндірістік компанияларды тарту арқылы (оларға қажетті тиімді, инновациялық өндірістік қуаттар мен заманауи форматтағы қойма үй-жайлар) олардың өзара әрекеттесуі негізінде үйлесімді өндірістік орта құру. Бұл ретте, өндірістік парктерді құру шикізаттық емес секторды дамыта отырып, өндірістің инновациялық дамуына мүмкіндік береді.