ӨҢІРЛІК КАДРЛЫҚ РЕЗЕВКЕ ЖАС МАМАНДАР ІРІКТЕЛДІ

0
63

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» деп аталатын қазақстандықтарға арнаған Жолдауында «Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мәселесі әлі де өзекті. Үміткерді кызметке тағайындаған кезде оның кәсіби және моральдық қасиеттерін мұқият ескерген жөн. Бұрынғы жұмысын қалай атқарғаны да қаперде болуы керек. Меритократия қағидаттарынан ешкім бас тартқан жоқ. Бұл бағыттағы жұмыстың аяқ алысы жаман емес. Қазір мемлекеттік органдардың бәрі кадр жөніндегі бірыңғай ақпараттық жүйеге көшті.
Енді Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Үкімет бюджеттен қаржыландырылатын мекемелердің кадр мәселесіне қатысты жұмысын толық автоматтандыруы керек» деп мемлекеттік қызметке сапалы кадр резервін дайындаудың маңыздылығына тоқталып өтті..
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес республика аумағында өңірлік кадрлық резервке іріктеу жүргізілді. Жас менеджерлер пулын қалыптастыруға және мемлекеттік қызметке дарынды жастарды тартуға бағытталған сайысқа 600-ден астам адам құжат тапсырып, іріктеуден өтті.
Құрылымдық сұхбатқа өңірлік кадр комиссиясының төрағасы, облыс әкімі Дархан Сатыбалды қатысты. Сұхбатқа қатысқан кандидаттар таңдаған салалық бағытына сәйкес дайындаған жобаларын таныстырды. Жобаның мақсатын, мазмұнын, күтілетін нәтижесін, экономикалық-әлеуметтік тиімділігін айтып, қорғады. Іріктеудің барлық сатысынан сүрінбей өткен 50-ден астам үміткердің ішінен үздік деп танылған 30 жас өңірлік резерв құрамына қабылданды.
Төлеби ауданы әкімі аппараты заң бөлімінің басшысы Дәулет Жұмәлі мен аудан әкімі аппараты заң бөлімінің бас инспекторы Акылбеков Қайсар өңірлік кадрлық резевке іріктеудің барлық кезеңінен өтіп, резерв құрамына алынды.
Талантты жастар арасынан жаңашыл ойлайтын көшбасшылар мен жас басқарушылардың тобын қалыптастыруға арналған іріктеуден өткен аудан әкімі аппаратының мамандары білімі мен біліктілігімен елге қызмет ете береді деп сенім білдіреміз.