ТҰРҒЫНДАР ТОЛҒАНДЫРҒАН МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ ЖАУАП АЛДЫ

0
54

Мемлекет басшысы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске қосу арқылы халық пен биліктің арасындағы қарым-қатынастың сенімділік деңгейіне жетуін қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Атқарушы билік өкілдері өз аймақтарының тұрғындарымен жиі кездесіп, олардың алдында істеген жұмыстары мен атқарылар жоспарларымен бөлісіп, тұрғындардың тіліп-тілектерін тыңдап, арыз-шағымдарын заң аясында жүзеге асырып отырса екіжақты түсіністік пен сенім орнайды. Сол сияқты әкімдер жеке қабылдау арқылы да тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін, аоыз-шағымы мен өтініш-тілектерін біле алады. Екіжақты байланыс нығаюы үшін азаматардың өтініштері жерде қалмай дер кезінде шешімін табуы да маңызды.
Бәйдібек аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов аудан тұрғындарымен кезекті жеке қабылдау өткізді. Қабылдауда Боралдай, Борлысай, Шаян, Алғабас және Ақбастау ауылдық округтерінен келген тұрғындар аудан әкіміне өздерінің толғандырған мәселелерін көтеріп, өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді.
Жеке қабылдауда болған тұрғындар ауыл шаруашылығын және кәсіпкерлікті дамыту мақсатында көрсетілетін қолдаулар, балық шаруашылығы, берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімін құжаттандыру, Қазата елді мекеніндегі ішкі газ жүйелері құрылысы, ауыл ішінде тұрмыстық қатты қалдық тастайтын орынды реттеу, тұрғын үй кезегі және жеке мәселелерін айтып өтті.
Аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов тұрғындардың көтерген бірқатар мәселелерінің заң шеңберінде жоспарға сәйкес шешімін табатындығын түсіндірді.
Тұрғындар тарапынан айтылған мәселелерді заңнама талаптарына сәйкес орындау бойынша тиісті бөлім, мекеме басшылары мен ауылдық округі әкімдеріне тапсырмалар жүктеді.