ҚАРҚЫНДЫ БАУ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДА

0
60

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес барлық деңгейдегі билік тармақтары мен атқарушы органдар тұрғындармен тығыз қарам-қатынаста, екіжақты түсіністікте жұмыс істеуді дәстүре айналдырып келеді. Облыс, қала, аудан басшылары жыл бойы жоспарлы түрде өз аумағына қарасты елдімекендердің тұрғындарымен есепті кездесулер өткізіп, оларға атқарылып жатқан, атқарылатын жұмыстарды таныстырады.Тұрғындардың талап-тілектерін, арыз-шағымдарын тыңдап, олардың орындалуын қамтамасыз етеді. Бұған қоса әкімдер арнаулы кестеге сай тұрғындарды жеке қабылдаулар да өткізіп отырады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өзі өнеге болып бұл мәселені тұрақты назарында ұстап, өзі де тұрғындармен жиі кездесіп, жеке мәселемен қабылдау жасап жүреді. Сондықтан барлық аймақ басшылары да бұл мәселеге жауапкершілікпен қарайды.

Таяуда Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген тұрғындар аудан әкіміне өтiнiш-тiлектерiн жеке-жеке жеткізіп, мәселелерiнiң оң шешiмiн табуына ықпал жасауды сұрады.

Қабылдауға келушілердің басым бөлігі тұрақты жұмысқа орналасу, тұрғын үй кезегі, газдандыру жұмыстары, инфрақұрылым жүргізу мәселелерін көтерсе, бірі жеке мәселелері бойынша да әлеуметтік көмек көрсетуді сұрады.

Аудан басшысы жұмыссыздық мәселесі бойынша мамандықтарға сәйкес сұраныс болған жағдайда бос жұмыс орындарына кезектілікпен жіберілетіндігін түсіндірді. Сондай-ақ, кейбір азаматтарға қоғамдық жұмыс арқылы да жұмыс жасауға мүмкіндік барын жеткізді.

Мұнан бөлек, жеке қабылдауға келген азаматтардың өзге де мәселелерін сала мамандарымен бірге қарап, заң аясында әрекет ету туралы нақты тапсырмалар берді. Қойылған сұрақтар жан-жақты қаралып, заңдылығына қарай тиісті жұмыстарды атқаруды жауапты сала басшыларына жүктеді.

Мемлекет басшысының жергілікті әкімдіктердің алдына қойған негізгі міндеттерінің бастысы сол өңірді әлеуметтік-экономикалық жағынана дамыту арқылы тұрғындардың жұмыспен қамтылып, кәсібін ашып жайлы өмір сүріп, ел дамуына үлес қосуын қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан да облысымызда барлық қала, аудан басшылары өз аумақтарындағы тұрңындардың жұмыспен қамтылуын, мемлекеттің қолдауымен жеке кәсібін ашуын, жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлігін кеңейтіп, өнім өндіруді ұлғайтуын қамтамасыз ету бағытында жұмыс жүргізіп келеді.

Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы аудандағы қарқынды бау ісін қолға алып, өз кәсібін өрге сүйреп отырған серіктестіктің шаруашылығымен танысты. Аралау барысында Қоғам ауыл округі аумағында орналасқан «Отырар-Құрал» ЖШС-нің басшысы Наятулла Бөрібаев қарқынды бау шаруашылығын дамыту бағытындағы жұмыстары туралы айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Айта кету керек, жобаның инвестициялық құны бүгінгі таңда 150 млн. теңгені құрайды. Серіктестіктің меншігінде 50 гектар жер болса, бүгінде оның 25 гектарына Түрік елінен әкелінген алма, өрік ағаштарының көшеттері отырғызылған. Қазіргі таңда, бауда алманың Ред делишес, Голден делишес, Гала, Гренни смит сорттары бар.

Шаруашылық иесі дәнді дақылдардан бөлек сүйекті дақылдарды өсіруді де қолға ала бастаған. Соның ішінде персиковая рассада, нектарный сабинг, слива, абрикосовое дерево, питомник рестений секілді дақылдарды егіп, өнімін өз елімізден бөлек өзге елдерге де экспорттауды жоспарлап отыр.

Қожалық жұмысына оң бағасын берген аудан басшысы Қайрат Жолдыбайұлы қарқынды бау көлемін арттыру ісін одан әрі жандандыру керектігін, қажет болса мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктерді алуға қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.