ВЕНГРЛЕР ЗАМАНАУИ ҚҰРАМА ЖЕМ ЗАУЫТЫН САЛМАҚ

Мемлекет басшысы әрдайым-ақ, мемлекеттің дамуындағы басты көрсеткіштің бірі ішкі және сыртқы инвестиция тартуға байланысты екендігін айтып келеді. Ол өңірдлердің басшыларына олардың жұмысының нәтижесі аймаққа инвестиция тартумен бағлаланатынын да ескерткен. Сондықтан да Түркістан облысының әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының деңгейін көтеру үшін инвестиция тартудың маңыздылығына мән беріп, осы бағыттардағы жұмыстарды жүргізуде өзі бастамашылдық көрсетіп келеді. Облыс басшысы соңғы бір-екі айдың мұғдарында бірнеше шетелдерге арнайы делегациямен барып, еліміздегі болып жатқан ірі экономикалық басқосуларда, шетелдік бизнес өкілдерін Түркістан өңіріне тартып біршама жұмыстарды атқарды. Сол сапарларда, арнайы кездесулер мен келіссөздерде шетелдік ірі компаниялардың өкілдерімен қол қойылған меморандумдардың алғашқылары біртіндеп нақты іске асырыла да бастады.
Венгриялық «UBM GROUP» компаниясы Түркістан облысында құрама жем зауытын салу бойынша өткен айда Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдымен кездесіп, арнайы келіссөз жүргізген еді. Нәтижесінде Мажарстанның Алматы қаласындағы Бас консулдығы коммерциялық атташе Ковач Иштван Тибор және «UBM GROUP» компаниясының бас директорының кеңесшісі Доктор Золтан Питер Винм аудандарды аралап, зауыт салуға қолайлы өңірлерді қарастырды. Шетелдік инвестордың өкілдері инвестициялық жобасын жүзеге асыруда бірінші кезекте қолайлы орынды қарастырып, ондағы инфрақұрылымдардың сапасына да көңіл бөліп отырады. Әсіресе, индустирялық және арнайы экономикалық аймақтардағы инфрақұрылымдар мен жұмыс жүргізудің жайлылығына баса назар аударады.
Түркістан облысы аумағында қуаттылығы жылына 100 мың тоннаға жуық, құны 10 млн. еуро болатын заманауи үлгідегі құрама жем зауытын салу жоспарлануда. Бұл – ауыл шаруашылығының дамуына серпін береді. Жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.
Инвесторларға «Turkistan Invest» ЖШС басқарма басшысының орынбасары Руслан Лесбеков Қазығұрт және Ордабасы аудандарындағы индустриалды аймақтарды және ет өндірісімен айналысатын «Qaiyp Ata» ЖШС-ын таныстырып, ол өңірдегі инвестициялық мүмкіндіктерді атап өтті.
Айта кетейік, 1996 жылы құрылған «UBM Group» компаниялар желісі – Венгриядағы жетекші жем өндіруші. Жылына 450 мың тонна өнім шығарады. 4 құрама жем зауыты бар, Венгриядағы өсімдік шаруашылығы өнімдерінің ең ірі трейдерлерінің бірі. Астық, майлы дақылдар саудасының айналымы – жылына 1,5 млн тонна. Өнімдерін 15 елге экспорттайды.
Облысымызда қалалар мен бірнеше аудандарда индустриялды және арнайы экономикалық аймақтар бар. Кейбірінде жаңадан салынуда. «Тұран» арнайы экономикалық аймағы сондай, жаңадан құрылысы жүріп жатқан экономикалық аймақ болып табылады. Ол заман талабына, жергілікті және шетелдік бизнесмендер мен компаниялардың келіп, орнығып, толыққанды жұмыс жасауына тартымыд етіп салынуда.
«Turan» арнайы экономикалық аймағын инженерлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында құрылыс жұмыстары қарқынды атқарылып жатыр.
Қазіргі таңда өрт сөндіру депосы, газ жүйелері, интернет желісінің жұмыстары толығымен аяқталған. Сонымен қатар, 1,3 шақырым жолға асфальт жабындысы төселінді. Жол құрылысы биыл қазан айында пайдалануға беру жоспарланған. Темір жол құрылыс жұмыстары да жүргізіліп, 2,1 шақырымға релістер орнатылды. Су құбырының 8,5 шақырымы тартылып, кәріз жүйесінің 3 шақырымына құбыр тартылды. Аталған нысандардың құрылыс жұмыстары желтоқсан айында толығымен аяқталып, пайдалануға беріледі.
«Turan» арнайы экономикалық аймақтағы инженерлік инфрақұрылымдардың құрылыс жұмыстарын сапалы орындалуы, облыстық құрылыс басқармасының мамандары тарапынан қатаң бақылауға алынған. Құрылысқа жауапты мердігер компаниялар – «СТ Сервис» ЖШС, «Баянды Құрылыс» ЖШС, «Pana Qurylys Group» ЖШС. Келесі жылы электрмен жабдықтау жұмыстарын тапсыру жоспарланған. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң, аймаққа 50-ге жуық кәсіпорын орналасып, мыңға жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етеді.