ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

0
53

Мемлекеттің қазақстандықтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайының деңгейін көтеру үшін жүргізіп отырған саясаты бойынша еліміздің барлық елдімекендеріне таза ауызсу, табиғи газ, тұрақты электр жарығы, елдімекендердің ішкі көшелері мен жергілікті, аудан, облыстық, республикалық маңызы бар автокөлік жолдарын салу мен бұрынғыларын сапалы етіп жөндеуден өткізу жұмыстарын деңгей-деңгейімен іске асыру қарастырылған. Бұл жұмыстарды толыққанды орындап шығу үшін республикалық, облыстық, жергілікті бюджеттерден қаржы қарастырылған. Сол сияқты мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар арқылы да қаржы бөлінеді. Аудын, қала, облыс әкімдіктері осы бөлінген қаржыларды тиімді пайдалана отырып, аталған бағдарламалар аясында жоғарыдағы белгіленген тапсырмаларды жүзеге асыруды қолға алған.

Түркістан облысында да инфрақұрылымдарды салу мен сапалы ету бағытында жоспарлы түрде тоқтаусыз жұмыс жасалып келеді. Соның ішінде тұрғындарды, әлеуметтік және басқа нысандарды табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар да бар. Түркістан облысында соңғы 10 жыл аралығында құрылысы жүргізіліп, іске қосылмаған 46 табиғи газ нысаны бар болатын. Оның ішінде 40 елді мекен, 2 көше, 2 автоматты газ тарату станциясы бар. Өткен жылдың қорытындысымен оның 44-і іске қосылды.

Тиісті жұмыстарды жүргізу есебінен екі жылда 144 мың халық тұратын 54 елді мекен газбен қамтылды. Бұдан бөлек, биыл 54 нысанның құрылысы аяқталып, қосымша 47 елді мекен табиғи газға қосылуға мүмкіндік алады. Нәтижесінде «көгілдір отынмен» қамтылған елді мекендер саны 557-ге жетіп, қамту деңгейі 67,2 пайызды құрайды. Өңірді газдандыру жұмыстары алдағы жылдары да үздіксіз жалғастырыла бермек.

Ал, облыс тұрғындарын сапалы электр қуатымен жабдықтау бойынша жасалып жатқан жұмыстарға келсек, бұл салада да атқарылып жатқан істер аз емес. 2018 жылдан бері республикалық және облыстық бюджет қаражаты есебінен 5 аудандағы 800 мың халықты сапалы электр қуатымен қамтитын «Қызыләскер» қосалқы станциясының құрылысы жүргізіліп, аяқталған. Сонымен қатар, осы қосалқы станциядан қуат алатын 110 киловольттық, 91 шақырым электр желісінің құрылысы қыркүйек айында аяқталады деп жоспарлануда.

Жоғарыдағы жұмыстар толық атқарылып біткен кезде облыс халқының басым бөлігі сапалы электр қуатын пайдаланып, табиғи газды тұтынатын болады. Осылайша мемлекеттік саясаттың мақсатына сай түркістандық тұрғындардың тұрмыс деңгейі көтеріліп, өмір сүру жайлылығы арта түспек.

Кезінде өндірісі өркендеп, қаланы сәулеті нұрланған жас та перспективалы қалалардың бірі болған Кентау қаласы кеңестік кезең бітіп, әр республика өз егемендігін жариялап дербес кетіп экономикалық, өндірістік байланыстар үзілген кезде біраз жыл тұралап қалған еді. Мемлекеттің шағын қалаларды жаңғыртуға арналған бағдарламасының арқасында қала қайтадан гүлденіп, өндіріс орынадына жан кіріп, тіршілігі қыза бастады. Бүгінде Кентау облыстағы жан-жақты дамып келе жатқан қалалар қатарында.

Осы қаланың жылу жүйелерін жаңғырту мен жөндеу жұмыстары жаздан бері қолға алынып, облыс әкімінің бақылауында тұр. Қазандықтарды реконструкциялау, магистралды жылу құбырларын жаңарту жұмыстары жүзеге асырылса, қала тұрғындары қыстан қысылмасы анық.

Кентау қаласындағы №5 жылу орталығы 2012 жылдан бері жөндеу көрмей, 85 пайызға тозған. 6 қазандықты реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар бюджет есебінен 6,6 шақырым магистралды жылу құбыры қайта жаңартылуда.

Созақ ауданы «Шолаққорған су» МКК кәсіпорны жылыту маусымына қазандықтарды сапалы дайындау мақсатында жергілікті бюджеттен мазут қазандығы мен жылу желілерін ағымдағы жөндеу жұмыстарына қаржы қаралып, қазандықтарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.