ЕРТЕ ПІСЕТІН КӨКӨНІСТЕРДІ САТЫП АЛУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

0
52

Қазақстан Республикасында дәстүрлі шаруашылықтың бірі ретінде ауыл шаруашылығы заман талабына, нарықтық сұраныстарға орай ыңғайластырылып, қарқынды дамуда. Оның ішінде географиялық жағдайы мен ауа райының ыңғайлылығына байланысты Түркістан облысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің барлық түрлерін өндірумен қатар, ауа райының қолайлылығын пайдалана отырып бір жер телімінен екі-үш қайтара өнім алу да жолға қойылған. Оған қоса орталық, солтүстік пен шығыс облыстарында қыстың қаһары күшіне мініп, аязы мен бораны бұрқырап жатқанда оңтүстікте жаймашуақ күндер жылуын төғып, жер бусанып жатады. Міне, түркістандықтар ауа райының арқысындағы осы артықшылығын тиімді пайдалануға тырысады.

Егістікті әртараптандыру нәтижесінде алдынғы жылы көкөніс, бақша дақылдарының 3,3 млн.тонна рекордтық өнім жиналды. Жиналған өнім бойынша республикада жоғарғы көрсеткішке ие. Нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында биыл 380 жұмыс орнымен 45 жобаны іске асыру жоспарланған болса, оның 13 жобасы іске қосылып, 136 жұмыс орны құрылды. Сол сияқты ерте пісетін ауыл шаруашылығы өнімдерін егіп, оның ауқымын кеңейтіп, өндірілетін өнім көлемін ұлғайту бағытында да жұмыстар атқарылуда.

Таяуда Түркістан облысында 2025 жылға Түркістан облысы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен ерте пісетін көкөністер сатып алу форвардтық келісімшарттар жасасу бойынша кездесу өткізілді. Оған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ауылшаруашылық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаменті директорының орынбасары Шаймерден Ахметов және осы департаменттің ішкі сауда басқармасының басшысы Темірлан Маратов қатысты.

Сонымен қатар, республикамыздың барлық өңірлердің ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік басқармалары мен әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация өкілдерімен Түркістан облысында ерте пісетін көкөністерді егетін өңір шаруалары бас қосты.

Халықты жергілікті азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылға Түркістан облысы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен ерте пісетін көкөністерді сатып алу бойынша форвардтық келісімшарттар жасасу мақсатында облыстың 100-ге жуық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысып, картоп-1800 тг, пияз — 390 тг, сәбіз — 340 тг, қырыққабат — 910 тг өнімге ниет шарты жасалды.