ЖИЫН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫНА АРНАЛДЫ

0
72

«Қуатты өңірлер – Ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын жүзеге асыруда мемлекеттік бағдарламаларды толыққанды пайдаланумен қатар ішкі және сыртқы мнвестициялар тарту маңызды екені белгілі. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында инвестициялық саясаттың үлкен жауапкершілік жүктейтінін, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының деңгейін көтерудегі маңыздылығы атап көрсете отырып «Дүние жүзінде инвестицияға талас өршіп тұрған кезде елге қаржы тарту үшін «дәл осы жерде және дәл қазір» қағидасы бойынша шешім қабылдау – ең қажет шара. Сондықтан Үкімет жанындағы Инвестиция штабына ауқымды құзырет берілді. Бұл қадам металды терең өңдеу, мұнай-газ-көмір химиясы, туризм, энергетика және машина жасау сияқты маңызды салалардағы жобаларды жүзеге асыру қарқынын арттыруға жол ашты.

Экономикаға салынған тікелей инвестиция көлемін азайтып алмау үшін осы бағыттағы жұмысты күшейту керек. Кейбір әкімдер мен министрлер инвестор тарту ісіне жөнді атсалыспай отырғанын атап өткім келеді. Үкімет бұл шаруаны ретке келтіруге тиіс» деді.

Түркістан облысы еліміздегі инвестиция тартуда алдыңғы қатарда келе жатқан өңірлердің бірі ретінде облыс әкімдігінің белсенді бақылауы мен талап етуінің арқасында өңірге инвестиция тарты мәселесі үнемі күн тәртібінен түскен емес. Әрі облыс аумағына тартылған инвестициялық жобалардың орындалуының сапасы мен барысын да жергілікті басшылар үнемі қадағалап отырады.

Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитовтің төрағалығымен аудандағы 2024-2025 жылдары жеке инвестиция есебінен іске асатын жобаларды жүзеге асыру бойынша жиын өтті. Жиынға тиісті сала және дербес бөлім басшылары және жеке инвесторлар қатысты. Өз кезегінде, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Бахадир Олжаев аталған тақырып аясында баяндама жасады.

Баяндама барысында жобалар мен жұмыс орындарының сандық көрсеткіштеріне және инвестициялық құнына тоқталды. Сондай-ақ, «NURYM GROUP» ЖСШ құрама жем зауыты мен ЖК УБАЕВ ауыл шаруашылығы жануарларын сою кезінде қалған қосалқы өнімдерін (қан, сүйек, ішек қарын) қайта өңдеу құрылысының, «МЕAT MAGNAT» АШ ӨК 10 000 мал басына арналған заманауи бордақылау алаңы, мал сою цехы, салқындатқыш қоймалар, тоңазытқыш камералар және ет өңдейтін цехтың, «GЕN GROUP KAZAKHSTAN» ЖШС жылыжай кещенінің, «Bunker» сауда, ойын-сауық кешенінің, «KUZOV KARABULAK» ЖШС автобөлшектер шығаратын, тағы басқа көптеген кәсіпорындардың қазіргі жағдайына тоқталды.

Кәсіпкерлермен кездескен аудан әкімі Арман Сәбитұлы тиісті сала басшыларына оларға қолдау танытуды тапсырды.