ҚАРАУСЫЗ МАЛ МЕН ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

0
63

Мемлекет басшысы биылғы «Әділетті Қазақстан: заң мен тіртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» деп аталатын Жолдауында ауыл шаруашылығы саласын дамытудың басты мәселелеріне тоқталып, ауыл тұрғындарының жеке кәсіпкерлікті бастауына, жүргізуіне қолдау жасалып, төмен пайызды несие берілуі жайында айта келіп
«Азаматтар, әсіресе, ауыл тұрғындары заңды түрде табысты жұмыс істеп, болашағының қамын өзі ойлауы  керек. Оларды осыған ынталандыру – мемлекеттің басты міндетінің бірі. Былтыр «Ауыл аманаты» жобасы басталды. Жалпы нәтижесі жаман емес. Енді осы жоба аясында тағы бір жаңа тәсілді, яғни «тауар несиесін» беру мәселесін қарастыру қажет. Ауыл тұрғындарына өз өнімдерін өңдеуге және сатуға мүмкіндік беретін инфрақұрылым құру өте маңызды» деді.
Түркістан облысында ел басшысы айтқандай мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар арқылы жұмысқа тұрып, жеке кәсіптерін ашып жатқандар баршылық. Олардың көпшілігі өзінің жұмысын дөңгелентіп, ауыл шаруашылығы өнімдерінің алуан түрлерін өсіруде. Бірақ иелері бетімен жіберіп қараусыз жүрген төрт түлік малдың олардың еңбектерін еш етіп, егістігіне, бау-бақшасына түсіп кетуі кездесуде.
Түлкібас ауданында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірумен айналысатын шаруалардың бас ауруына айналған мәселенің бірі қараусыз қалған малдардың егістік алқаптарына кіріп кетуі болып тұр. Осы ретте, аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары М.Жанесеннің төрағалығымен аудандық мәслихаттың төрағасы Х.Байысбаев, ауылдық округ, кент әкімдері, жер мамандары және ауыл шаруашылғы тауарларын өндірушілердің қатысуымен жиын өтті.
Жиында аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Қ.Еркебаев және аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Б.Амиров егін алқаптарына мал түсу фактісі, және оның алдын алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар барысын баяндады.
Ағымдағы жылдың бүгінгі күніне дейін жалпы аудан бойынша (ҚР ӘҚБтҚ-нің 147 бабы бойынша) егістік алқаптарды мал таптау, зақымдау, жиналған астықты бүлдіру фактісі бойынша 44 хаттама толтырылып, тәртіпке бас имеген азаматтарға 2 миллион теңгеден астам айыппұл салынған.
«Әрине, маңдай термен ерте көктемде егіп, оны қарап, жемісін теретін шақта оған мал түсіп жатса, бұл жыл бойғы еңбегінің далаға кеткенімен пара-пар» — деген, шаруалар бұл бағытта барынша тәртіпті күшейтуді сұранды.
Басқосуды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Марат Сүгірәліұлы шарулардың өтінішін басшылыққа алып, тиісті орган өкілдеріне нақты тапсырмалар жүктеді. Жауапты бөлім басшысы мен ауыл әкімдеріне бұл бағыттағы түсіндіру жұмыстарын барынша жандандыру керектігін ескертті.
Мемлекет басшысының биылғы қазақстандықтарға Жолдауында «Цифрлық технологиялардың күнделікті өмірімізге жаппай енуі түрлі алаяқтардың көбеюіне әкеп соқтыруда. Оған бәріміз куә болып отырмыз. Сондықтан, қазір қаржы және экономика негіздерін білу, қарапайым цифрлық дағдыларды меңгеру аса маңызды болып тұр. Осы ретте «Amanat» партиясы ұсынған «Қарызсыз қоғам» жобасын атап өткім келеді. Азаматтардың қаржылық сауатын арттыруға арналған осы жобаға былтыр 65 мың адам қатысты. Ал, биыл одан да көп адам қатысады» деп халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға ерекше мән берудің маңыздылығын атап көрсетті.
«Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша Түркістан облысында, оның қала, аудандарында жоспарлы түрде тұрғындарды қаржылық сауаттылық пен несие алу мәселелерін, отбасылық бюжетін дұрыс есептеу ісін үйрету бойынша арнайы оқытулар өткізілуде .
Бүгінде еліміз бойынша статистикалық мәліметтерге сүйенсек, он қазақстандықтың тоғызында несие бар. Соның ішінде 1 млн.200 мың қазақстандықтың несиесін төлеу мерзімі 90 күннен асып кетіп, есеп-шоттары бұғатталған. Дәл сондай проблема Түлкібас ауданында да жетерлік. Мәселен, аудан бойынша 1800 адам несиесін уақытылы төлемей, есеп-шоттары бұғатталған.
Бұл туралы аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында «Аманат» партиясының аудандық филиалының ұйытқы болуымен өткен кездесуде «Қарызсыз қоғам» ұлттық жобасының Түлкібас ауданындағы сарапшысы Ш.Айхожаев мәлімдеді.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары А.Нұрлыбай, «Аманат» партиясының аудандық филиалының атқарушы хатшысы Е.Жүнісов, ауылдық округ, кент әкімдері, дербес бөлім басшылары мен мекеме басшылары, мектеп директорлары қатысты.
Жоғарыда айтып өткендей, аудан көлемінде несиесін төлей алмай жүрген 1800 жерлесімізбен алдағы уақытта жоба аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады. Бұл жерде аталған азаматтарды тізім бойынша жергілікті ауылдық округтің әкімдік мамандары арнайы шақыртып, жоба сарапшылары тарапынан ҚР бекітілген заңнамаларына сүйене отырып, тығырықтан шығу мақсатында құқықтық көмектер берілетін болады.