ЕЛДІМЕКЕНДЕРДІ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

0
70

Мемлекетіміз елдімекендерді инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету, олардың сапасын көтеру бағытында бірнеше бағдарламалар мен жобаларды іске қосқан. Оған қосымша жергілікті бюджеттерден де инфрақұрылымдарды жүргізу мен әлеуметтік нысандар тұрғызуға қаржы қарастырылып отырады. Түркістан облысының қала, аудандарында бұл бағыттағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде.

Келес ауданы Ақтөбе ауылдық округі Ынтымақ елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жобалық-сметалық құжаттары мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алып, жобалаушы мекеме «Иртиш ПВ» ЖШС танылған.

2021 жылы өткізілген құрылыс жұмыстарына мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы болып «Жылу энерго ремонт» ЖШС-і анықталған. Техникалық қадағалаушы «IT-Invest company» ЖШС-і.Нысанның құрылыс жұмыстары 2021 жылы шілде айында басталған.

Ынтымақ елді мекені аумағында тереңдігі 130 метрлік ұңғыма қазылып, сумен жабдықтаудың жалпы ұзындығы 73,845 шақырым су құбыры тартылып, жылына 53,348 мың. м³/жыл су шығарылатын болып есептелген.

Осыған орай, су тазартқыш қондырғы ауылға су айдайтын 2 көтерілім насос станциясы орнатылды. Қазіргі таңда елді мекен толығымен ауыз жүйесіне қосылған. Ауыз су бекітілген кестеге сәйкес берілуде.

Алайда судан шамадан тыс көп мөлшерде құм шығуда. Сонымен қатар, ауылдың төмен жағында орналасқан тұрғындардың ауыз суды шамадан тыс пайдаланудың салдарынан, жоғарыда орналасқан тұрғын үйлерге ауыз су жетіспеушілігі орын алуда.

Аталған мәселені шешу мақстанда ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі және су беруші мекеме «Келес қызмет» мемлекеттік коммуналдық мекемесіне тапсырмалар жүктеліп, орындалуы бақылауға қойылған.

Адамдардың денсаулығын сақтау саласында да Мемлекет басшысының тапсыруымен ауылды елдімекендерде медициналық нысандар санын көбейту мен жаңалау бойынша да арнаулы бағдарламамен жұмыс жасалынуда. Әр ауылдық округ орталығында ғана емес жекелеген ауылдарда да медициналық қызмет ұсынатын нысандар салынып, медициналық қызметтерді ауылдықтарға жақындату бойынша да жұмыс қызу жүріп жатыр.

Халықтың сұранысына орай Келес ауданының Бірлік ауылдық округіне қарасты Бірлік ауылында 45 орындық дәрігерлік амбулатория салынып жатыр. Бұл ғимарат кең әрі ыңғайлы болмақ. Бір қабаттан тұратын ғимараттың құрылысын «Шаңырақ» өндірістік коопретиві жүргізуде. Қазіргі таңда ғимараттың іргетасы құйылып, қабырғалары тұрғызылуда. Түркістан облысының құрылыс басқармасының тапсырысысмен жүзеге асып жатқан құрылыс жұмысына бюджеттен 305 миллион теңге бөлінген. Дәрігерлік амбулаторияның негізгі міндеті — аурушаңдықтың, тұрғындар арасындағы өлім-жітімнің алдын алу және төмендету бойынша профилактикалық іс -шараларды жүргізу, ауруларды ерте анықтау, науқастарды уақтылы медициналық тексеруден өткізу болып табылады.

Айта кетейік, Бірлік елді мекенінен бой көтеріп жатқан медициналық нысан Бірлік, Мәдениет, Ащысай және Қосөткел ауылдарының тұрғындарына қызмет көрсетуі белгіленген. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың соңында аяқталып, қолданысқа берілетін болады.