«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖАЙЛЫ ДА САПАЛЫ БОЛУЫ ТИІС

0
80

 

 

 

 

 

 

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасы бойынша Түркістан облысында 63 мектеп салынады. Одан бөлек басқа қаржыландыру көздері арқылы да мектеп ғимараттары салынып жатыр. Облыста білім беру мекемелерінің ғимараттарын салу жұмысы өте қарқынды жүріп жатыр. Өңірде 21 білім нысанының құрылысы қолға алынып, оның 4-еуі тапсырылған. Жыл соңына дейін 10 білім нысаны тапсырылады, 7-еуі келесі жылға өтпелі. Сонымен бірге «Жайлы мектеп» жобасы да сәтті жүзеге асырылуда. Осы жоба арқылы 63 мектеп салу көзделген. Оның 29-ының құрылысы аяқталуға жақын.

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Түркістан қаласында салынып жатқан «Жайлы мектептердің» құрылыс барысын қадағалап, мердігер мен жауапты басшыларға жұмысты ширатуды тапсырды.

Жаңа қала аумағында 2 мектеп бой көтеруде. Сонымен бірге «Яссы» шағынауданында 1200 орындық білім ошағы салынып жатыр. Мердігері — «YDA INSAAT SANAYI VE TICARET ANONIM SIRKETI» АҚ. Құрылысы 2023 жылдың желтоқсан айында басталған нысанды биыл жыл соңына дейін тапсыру жоспарланған.

Облыс әкімі жұмысты жеделдету, құрылысшылар санын көбейту, білім ұясын талапқа сай салу жөнінде тапсырма берді. Сонымен бірге бұл білім ұяларын білікті ұстаздармен қамту мәселесі де назарда тұруы керектігін жеткізді.

Сарағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласына қарасты Оспанов көшесі бойындағы және Телемұнара шағын ауданындағы «Жайлы мектептердің» құрылыс жұмыстарының жай-күйімен танысты. Алдымен аудан басшысы Оспанов көшесінің бойындағы білім беру ордасының құрылыс жұмыстарын бақылады.

Бүгінгі таңда,мектеп ғимаратның ішкі сылақ жұмыстары, ішкі электр жүйесін жүргізу жұмыстары және спорт залының ферна орнату жұмыстары жүргізілуде. Жалпы құрылыс жұмыстарына 35 адам жұмылдырылған.

Келесі кезекте аудан әкімі Телемұнара шағын ауданында салынып жатқан «Жайлы мектептің» құрылыс жұмыстарының барасын саралады.

Мектеп ғимаратының ішін сылау, ішкі электр жүйелерін және ішкі желдету жүйесінің қораптары орналастырылу жұмыстары жүргізілуде. Парепеттің темір орамалары қойылып, жылу жүйесінің ғимаратқа кіргізу жолы қазылып құбырлар орнатылуда. Сондай-ақ білім беру ордасының кәріз жүйесінің жүргізу толық аяқталып, ауыз су жүйесінің полиетилен құбырлары орнатылып, қысыммен тексеру жұмыстары атқарылуда. Жалпы құрылыс алаңында 130 адам құрылыс жұмыстарын жүргізуде.

Бүгінгі күнге дейін атқарылған құрылыс жұмыстарының жағдайын саралай келе аудан басшысы мердігер мекеме өкіліне құрылыс жұмыстарының қарқынын күшейтуді, сонымен қатар мерзімінде және сапалы аяқтау қажет екенін ескертті.

Айта кетсек, Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен үш ауысымды, апатты, ескі мектептер мәселесін шешу бағытында «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы әзірленді. Жоба шеңберінде заманауи мектеп ғимаратының құрылысы жүргізіліп, ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайту көзделген. Осы жоба аясында Сарыағаш ауданында 10 мектеп салу жоспарланған.

Аудан әкімі Арман Абдуллаев ауданға қарасты Дербісек және Жаскешу елді мекендерінде салынып жатқан «Жайлы мектептің» құрылыс жұмыстарының барысын да бақылады.

Алдымен аудан басшысы Жаскешу елді мекенінде орналасқан «Жайлы мектептің» құрылыс жұмыстарын аралап көріп, мердігер мекеме өкіліне бірқатар кемшіліктерді атап өтіп:

-Жауапкершілікпен құрылыс жұмыстарыне жүргізіңіздер . Ешқандай кемшілік, қателік болмауы , белгіленген уақытта құрылыс жұмыстары аяқталуы тиіс,-деді аудан әкімі құрылыс алаңында.

Қазіргі таңда, 900 орындық «Жайлы мектептің» мектеп ғимаратының Г2 блогында кірпіш қалау ,ішкі электр жүйесін және су жүйесін орнату сонымен қатар, сантехника жұмыстары, нысанның резервуар құю жұмыстары жүргізілуде. Жалпы құрылыс алаңында116 адам құрылыс жұмыстарын жүргізуде.

Сонымен қатар, аудан әкімі Дербісек елді мекеніндегі 900 орындық мектеп ғимаратының құрылыс алаңында болып, мердігер мекеме өкіліне құрылыс жұмыстарын сапалы және мерзімінде аяқтауды, сондай-ақ құрылыс жұмыстарына сапалы материалдарды қолдану керек екендігін ескертті.

Бүгінгі күнде Дербісектегі «Жайлы мектептің» ғимаратына ішкі әрлеу жұмыстары басталған. Ғимараттың ішкі сантехника жіне электр жүйелерін жүргізу жүмыстары атқарылуда. Сонымен қатар,мектеп ғимаратына есік және еденге кафель орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Жалпы құрылыс алаңында 190 құрылысшы жұмылдырылған.