ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕ ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ ӨТТІ

Мемлекеттік идеологияның бастымақсаттарының бірі азаматтардың рухани-мәдени, отаншылдық қасиеттерін оятып, елдің болашағы үшін еңбек етуіне қол жеткізу болып табылады. Бұл мақсатты жүзеге асыруда рухани, мәдени шаралар үлкен рөл атқарады. Сондай іргелі шаралардың бірі Түркістан облысында екінші жыл ұйымдастырылып жатқан «Өнерлі өлке» облыстық фестикалі. Бұл фестиваль аясында облыстың барлық қала, аудандары өздерінің рухани, мәдени, өнердегі жетістіктерін, ұлттық дәстүр-салтты жағ,ыруын, дәчтүрлі қолданбалы өнерден шеберліктерін халық алдында паш етеді.
Жыл бойы жалғасып келе жатқан өнер фестивалі 13-14 қыркүйек аралығында Түркі әлемінің астанасы Түркістан төрінде Киелі Қазығұрт ауданының мәденит күндерімен жалғасты.
Алғашқы күн Этноауыл кешенінде ата дәстүрді дәріптейтін, ұлттық құндылықтарды паш ететін игі шаралармен басталды. Атап айтқанда, ұлттық ойындар, қолөнер шеберлері мен суретшілердің көрмелері, тарихи жәдігерлердің көрмесі, Киелі Қазығұрттан шыққан танымал ақын-жазушылардың кітап көрмелері ұйымдастырылды. Сонымен қатар, қазығұрттық өнерпаздар салт-дәстүрге сай сахналық қойылымдар қойып, мың бұралып би билеп, әннен шашу шашып, цирк көрсетсе, ауданның қазыналы қариялары ұлттық киімде тағамдар дайындап, киіз басу, бата қайыру, ата дәстүрді дәріптеу секілді шараларды өткізді. Бұдан бөлек ұлтық аспаптар тартылып, батырлардың бейнесімен салтымызда бар атбегілік, құсбегілік, ит баптаушылық салттар көрсетілді. Ал ауылдан келген шаруалар ауданның ауылшаруашылық және басқа да аудан аумағында өндірілген өнімдерінен жәрмеңке жайып, жергілікті тұрғындарды, өңір халқын және сырттан келген қонақтарды таңдай қақтырды.
Игі іс-шараның жалғасы келесі күні ұлттық спорттық ойындар, ауданнан шыққан эстрада жұлдыздарының және аудан өнерпаздарының ұйымдастырған гала-концертімен жалғасын тапты.