ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ӘРБІР АДАМҒА КЕРЕК

0
69

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің биылғы «Әділетті Қазақстан: заң мен тіртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» деп аталатын Жолдауында елімізде заңдылық пен тәртіптің, адалдық пен әділдіктің үстем құруын қамтамасыз ету бағытында жұмыс жасалуы қажеттігін айтты. Сол сияқты цифрландыру, жасанды интеллект, интернеттің қарқынды енуі бір жағынан халық үшін, еліміздің дамуы үшін пайдалы болса, екінші жағынан алаяқтыққа жол ашып, электрондық, қаржылық жағынан сауаты аз жұртшылықтың алданып қалуына әкеліп соғуда. Мемлекет басшысы Жолдауында «Цифрлық технологиялардың күнделікті өмірімізге жаппай енуі түрлі алаяқтардың көбеюіне әкеп соқтыруда. Оған бәріміз куә болып отырмыз. Сондықтан, қазір қаржы және экономика негіздерін білу, қарапайым цифрлық дағдыларды меңгеру аса маңызды болып тұр. Осы ретте «Amanat» партиясы ұсынған «Қарызсыз қоғам» жобасын атап өткім келеді. Азаматтардың қаржылық сауатын арттыруға арналған осы жобаға былтыр 65 мың адам қатысты. Ал, биыл одан да көп адам қатысады» деп қарапайым халықты қаржылық сауаттылыққа оқытатын жобаның дұрыстығын атап айтты.

Түркістан облысында «Қарызсыз қоғам» жобасы барлық өңірлердің елдімекендеріне дейін жетіп, жұртшылықпен оқу-тренингтер өтіп жатыр.

Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбековаға халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында қалада өтіп жатқан «Қарызсыз қоғам» атты оқу-тренингінің қаржы эксперті, сарапшысын қабылдады. Эксперт-сарапшы Мұратжан Бекболатұлы Есенбаев қала әкіміне «Қарызсыз қоғам» жобасының қалай жүргізіліп жатқанын, қарапайым азаматтарды оқыту арқылы олардың қаржылық сауаттылығын жетілдіріп жатқанын, қоғамға тигізер жобаның пайдасын баяндап берді. Қабылдау соңында қала басшысы:

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауында да «Қарызсыз қоғам» жобасының қоғам алдындағы тиімділігі жоғары екенін ерекше атап өтті, қаржылық сауаттылықты арттыру қазіргі таңда әрбір тұрғынға керек дүние, білім, — деп, «Қарызсыз қоғам» жобасының маңызын атап өтіп, жобаға қолдау білдіретінін жеткізді.

Айта кетсек, «Қарызсыз қоғам» жобасы «Аманат» саяси партиясы мен «Ұлы дала» ауыл бизнесін дамыту ассоциациясының бірлескен жобасы.