ТҮРҒЫНДАР ӨТІНІШІ ОРЫНДАЛЫП, СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

0
56

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес аудан әкімдері жергілікті халықпен кездесіп, олардың талап-тілегіне құлақ түруде. Жарлықта айтылғандай әкімдер тұрғындармен кездескенде олардың талап-тілектері, ұсыныс-өтініштерін, арыз-шағымдарын тек тыңдап қана қоймай, заң аясында шешімін тауып белгіленген мерзім ішінде жүзеге асыруы қажеттігі де айтылған. Сонда ғана халық пен биліктің арасындағы қарым-қатынас жақсарып, өзара түсіністік орнайды. Осы орайда Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев жыл басында Ақтөбе ауылдық округінде болып, тұрғындармен кездескен болатын.

Кездесу барысында бірқатар өзекті мәселелер көтеріліп, шешілу бағытында кешенді ісшара жоспары бекітілген болатын. Нәтижесінде халықтың сұранысы негізінде Ақтөбе ауылдық округінің шекаралық аумағына жайғасқан Құйған және Қияжол ауылдарына келетін Аққойлы каналының 3 шақырымы мен 1,9 шақырымды құрайтын ішкі су жүйелері механикалық тазалаудан өткізілді. Осылайша шекаралық аумақтағы ауыл тұрғындарының маңызды түйіткілі өз шешімін тапты.

Бұдан бөлек, Ақтөбе ауылдық округіндегі Көгерту елді мекенінің тұрғындары ауыл аумағынан жаңа білім нысанын салып беруді сұранған болатын. Аталған мәселе де өз шешімін тауып, бүгінде жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде. Осылайша Ақтөбедегі түйіткілдер жоспарлы жұмыстардың нәтижесінде кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді.

Сол сияқты су мәселесі де, оның ішінде түрлі маусымдардағы судан келетін қауіп-қатерлер де аудан әкімінің назарынан тыс қалған емес. Аудандағы су тасқынына дайындық жұмыстарын да аудан басшысы назарында ұстап, қадағалап отырады.

Су тасқыны, су басу – болжап болмайтын салдарға әкелуі мүмкін қауіпті табиғи құбылыс. Ол ауа райы температурасының кенет көтерілуі, қардың қарқынды еруі, нөсер жаңбыр, қума жел, мұздың кептелуі мен өзен, көлдегі судың көтерілуі нәтижесінде бірталай жер су астында қалуы.

Осы орайда Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аудан, қала әкімдеріне құзырлы мекемелермен бірлесіп, аумағындағы қауіпті учаскелер мен гидротехникалық құрылыстары зерделеп, қажетті шаралардың қабылдауды тапсырған болатын.

Берілген тапсырма негізінде Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевтың бастамасымен аудандағы су басу қауіпі бар аймақтар зерделеніп, су тасқынына дайындық іс-шаралары жүргізілуде. Атап айтқанда Ақтөбе ауылдық округінің Ғани Мұратбаев, Қаратөбе және Көкбұлақ елді мекендерінің аумағындағы қашыртқыларды тазалау, қыстың күні жауын-шашын, қар еріген уақыттағы топан су басатын қауіпті аймақтарға түсіргі істеліп жатыр.

Алдағы уақытта Келес ауданы әкімдігіне қарасты су шаруашылығы мекемесінің теңгеріміндегі шынжыр табанды техниканың көмегімен өңірдегі қауіпті аймақтарда аталған жұмыстар жалғасатын болады.