ДАМУ ЖОСПАРЫНДА БЕЛГІЛЕНГЕН ТАПСЫРМАЛАР ОРЫНДАЛУДА

Үкімет пен жергілікті атқарушы биліктің атқаратын жұмыстарының басым бөлігі мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз етуден туындайды. Мемлекет басшысының жыл сайынғы қазақстандықтарға жолданатын Жолдауларында еліміздің барлық салаларын дамытудың басты бағыттары мен қай салаларға басымдық берілетіні де белгіленіп отырады. Мемлекеттің стратегиялық дамуына байланысты жасалған жоспарларды жүзеге асыру да басымдық беруді талап етеді. Бұлардың барлығының негізінде «Қуатты өңірлер – Ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы жатыр. Өңірлер әлеуметтік-экономикалық жағынан қуатты болған сайын мемлекеттің де даму қарқыны артып, экономикасының деңгейі жоғарылап, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы жақсара түседі. Сондықтан да жергіліктіәкімдіктер аумақ, қала, аудандардың беліленген жоспарының орындалуын қатаң қадағалап отырады.
Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков салаларға бекітілген жоспар мен берілген тапсырмалардың орындалуы бойынша лездемелік мәжіліс өткізді. Күн тәртібіне сәйкес, бөлім басшылары атқарылған жұмыс есебін ұсынып, тапсырмаларды тарқатып баяндады.
Шілде айында секторларда өткен жеке қабылдауының қортындысымен берілген 54 тапсырманың 52-сі орындалып, бақылаудан алынған, 2 тапсырма бойынша тиісті шаралар атқарылуда.
Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің басшысы Нұрлан Тіленші «Шауғар» секторындағы аллеяда жер тегістеліп, аяқ жол төселгенін, автоматты суару жүйесін орнату жұмысы жалғасып жатқанын, ал «Бірлік» секторындағы аллеяда қазіргі таңда сәулеттік қондырғылар орнатылдың басталғанын жеткізді.
Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Талғат Үсенбаевтың мәлімдеуінше, коммуналдық меншіктегі пәтерлерде орналасу заңдылығына түгендеу жүргізу барысында 3418 пәтер араланып, нәтижесімен 110 акт түзілген. 3308 пәтер өз мақсатында пайдаланылуда.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Эльмира Бейсенова өз кезегінде әлеуметтік сала көрсеткіштеріне тоқталды. АӘК алуға 3488 отбасы өтініш білдірген. 1387 отбасының тұрмыстық жағдайын зерделеу барысында 293 отбасы мұқтаж еместігі анықталған. Даму жоспарында бөлімге бекітілген 5 индикатордың бірі орындалып, өзгесін жыл соңына дейін атқару көзделген. Жұмыспен қамту бағдарламасының Еңбек бағытына 4946 азамат тартылған. Оның ішінде Жастар практикасымен — 528 жас маман, қоғамдық жұмыс орындарына — 1265, әлеуметтік жұмыс орындарына — 144, «Күміс жас» жобасымен — 173, тұрақты бос жұмыс орындарына 2279 азамат жолданған.
Нұрбол Әбдісаттарұлы мерзімі таяған хаттамалық тапсырмаларды да саралап, жауаптылардың уәжін тыңдады:
— Жылдың жұмыс жоспары қараша айында толық жабылуы тиіс. Ал, желтоқсан айын біз келесі жылдың тірліктерін пысықтауға арнаймыз. «Епшіл адам ертеңге іс қалдырмайды», ақталуға емес, жұмыстың бабын табуға тырысыңыздар, — деп, мәжілісті қорытындылады.
Түркістан қаласында жылыту маусымына дайындық жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.
Түркістан қаласында әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың үйлерін аралау барысында табылған кемшіліктерді жою жұмыстары Түркістан қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы және қалалық Газ инспекциясы мамандарымен бірлесіп жүргізілуде.