ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

0
132

«Әділетті Қазақстан: эаң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» деп аталатын бмылғы Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдаудың атауы айтыа тұрғандай заңдылықты, тәртіпті сақтау, әділдік пен әділеттілік туралы көп мәселе айтылды. Соның ішінде заңсыздықтарға қарсы батыл әрекеттер жасалынуы талап етілді. Ол «Құзырлы органдардың бәрі заңға бағынатын жұртқа зардабын тигізіп жатқан алаяқтыққа және сол сияқты басқа да заңсыз әрекеттерге  қарсы  батыл шаралар қабылдауға тиіс.
Қазір «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заң жобасы әзірленіп жатыр. Осы заңның талаптарын орындау үшін қоғам мен мемлекеттік аппарат күш жұмылдыруы керек. Сонда ғана жағдайды түзетіп, заң үстемдігін және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз.
Кез келген қоғамның, соның ішінде біздің қоғамның да басты ұғымдарға негізделген сұраныстары – әділдік және қауіпсіздік. Осы негізгі сұраныстардың толығымен өтелуі мемлекеттің тиімді жұмыс істейтінін айқын көрсетеді» деп барлық мәселеде заң мен тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету елдің дамуына тиімді әсер ететінін айтты.
Түркістан облысында қандай да бір заңсыздық, құқық бұзушылықтарды болдырмау үшін алдын алу бойынша тұрақты түрде жұмыс жасалынып келеді. Сарыағаш ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезектегі отырысы аудан әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен өтті. Комиссия отырысына комиссия мүшелері, дербес бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе «пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік — құқықтық көмек көрсету туралы» аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы М. Құралов баяндама жасады.
Келесі мәселе «жол көлік оқиғаларының профилактикасы, оның ішінде адам өліміне алып келген оқиғалардың алдын алу» бойынша Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы Е. Тұяқов баяндады.
Үшінші мәселе «кәмелет жасқа толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыстардың профилактикасы туралы аудандық білім бөлімінің бас маманы Ж.Утегеновтың баяндамасы тыңдалды. Мәжіліс барысында күн тәртібінде бекітілген мәселелер талқыланып, шешу жолдары қарастырылды.
Аудан әкімі Арман Абдуллаев кезекті отырысты қорытындылай келе, аудан аумағында құқық бұзушылық профилактикасының алдын алу жұмыстары бойынша жауапты мекемелерге тиісті тапсырмалар беріп,хаттамаларға енгізілді.
Сол сияқты аудан басшысы Арман Абдуллаевтың төрағалығымен Сарыағаш ауданы әкімдігінің жанындағы шекара мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі мәжілісінің кезектегі отырысы өтті.
Күн тәртібіндегі «мемлекеттік шекара сызығына жақын аймақтарда заңсыз кәсіпшілік қызметті жүргізу , осы орайда: аң аулау, балық аумау бойынша түсіндіру жұмыстары» мәселесі бойынша ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы А. Амирхановтың баяндамасы тыңдалды.
Келесі кезекте шекара маңына жақын орналасқан Жібек жолы ауылдық округінің әкімі А. Сейтжаппаров және және Дербісек ауылдық округ әкімі Д. Артықбай «инженерлік-техникалық құрылғыларға зақым келтіру, инженерлік-техникалық құрылғылардың жанында бақылаусыз үй жануарларын жаю және ен салу, таңбалау жұмыстары бойынша түсіндіру жұмыстарының нәтижелерін баяндады.
Жиналыс қорытындысымен аудан аумағында шекаралық аймаққа кіретін қала және ауылдық округтерге және жауапты мекемелерге тиісті жұмыстар жүргізу жөнінде тапсырмалар берілді.