БІРЛІК ПЕН ЫНТЫМАҚҚА АРНАЛҒАН ШАРАЛАР ӨТТІ

0
67

Қазақстан Республикасы егемендігін алып, дербес даму жолына түскелі бері мемлекет сыртқы және ішкі саясатында бейбітшілік пен өзара достықты, қазақстандықтардың бірлігі мен ынтымағын, этностар аралығындағы түсіністікті қалыптастыру бағытындағы ұстанымдарды ұстанып келеді. Өйткені, мемлекетіміздің еографиялық жағынан орналасқан аумағының өзі, әрі лобалдық әлемдегі қандай да бір қақтығыстардың бір-екі, не бірнеше мемлекеттің дамуына ғана емес бүкіл аумақтағы, тіпті дүние жүзіндегі елдердің көпшілігінің дамуына кері әсерін тигізеді. Сол себпті де Қазақстан сыртқы саясатта бауырластық пен түсіністік, өзара ынтымақтастықты ұстанады. Осындай көпвекторлы да бейбітшіл саясатын бекіте түсу мақсатында елімізде көптеген халықаралық деңгейдегі ашаралар жүзеге асырылуда. Солардың бірі – «Шексіз бауырластық – III» көпұлтты оқу-жаттығуы.
Шексіз бауырластық – III» көпұлтты оқу-жаттығуы шеңберінде Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, Түркістан облысының көрікті жерлеріне экскурсия ұйымдастырылды.
Оқу-жаттығуына қатысушылар Арыстан баб кесенесін және Отырар мемлекеттік археологиялық музей-қорығын аралады.
Шетелдік қонақтарға киелі Отырар тарихынан сыр шертетін жәдігерлер таныстырылып, қазақ халқының ұлттық тағамдары ұсынылды. Өз кезегінде қонақтар қазақ халқының қонақжайлылығы мен шынайы құрметіне ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.
Түркістан облысында алғаш рет өтіп жатқан «Шексіз бауырластық-III» атты көпұлтты оқу-жаттығуына Әзірбайжан, Қазақстан, Катар, Пәкістан, Түркия және Өзбекстанның арнайы мақсаттағы бөлімшелері қатысуда. Жаттығуға байқаушылар ретінде Иордания мен Қырғызстан Қарулы Күштерінің өкілдері шақырылған.
Ал, қазақстандықтардың бірлігі мен ынтымағын, этностар арасындағы татулық пен қазақ халқының айналасына топтасып еліміздің болашағын жарқын етуге арналған шара Шардара ауданында өтті.
Шардара аудандық мәдениет сарайында «Достығы жарасқан бақытты ел — Қазақстан» атты іс-шара өтті. Ұлан ғайыр тәуелсіз елімізде өмір сүріп жатқан, бірлігі жарасқан түрі басқа тілегі бір, жүзі басқа жүрегі бір әрбір ұлт өкілдерінің достығы жарасқан бақытты ел-Қазақстан жерінде біртұтас ел екенімізді айқындайды. Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Жаңарған, жаңғырған Қазақстанда тұратын барша ұлттар арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен.
Темірші Тұрғыттың сөзіне жазылған, Ғалымжан Алтековтың «Қазақтай биік ел қаһарман» әнін орындаған әнші Ербол Танжарұлы көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Мұндай рухани-мәдени шаралар қазақстандықтардың бірлігі мен ынтымағын, қазақ жерінде өмір сүріп жатқан этностардың қазақ халқының айналасына топтастырып, өзара түсіністігін арттырады.