ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚАУІПСІЗДІГІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ШАРА ЖАЛҒАСАДЫ

Мемлекет басшысы өзінің Жолдауларында Жастар саясатын жетілдіре отырып жүргізудің маңыздылығын айтып келеді. Өйткені жастарымыз ел болашағы болғандықтан оларға барлық жағдайлар жасалынып, білімді де білікті азаматтар болып өсулерін қамтамасыз ету мемлекеттің бір міндеті. Сол сияқты оларға мектептен сапалы білім мен саналы тәрбие беріліп, жоғарғы кластарда мамандыққа бейімдеу жүзеге асырылуға тиіс. Таңдаған мамандығы бойынша қалаған оқу орнын бітірген соң жастарды жұмыспен қамтамасыз етуді де жоспарлау қажет. Солардың арасында мемлекеттік қызмет саласында жұмыс істеуге ниет білдіргендерге де белгілі дәрежедеі тәртіптермен мүмкіндік берілуі керектіін де айтқан еді.
Сайрам ауданы әкімдігінің аппаратында жоғары оқу орны түлектерін мемлекеттік қызметке тарту бағытында кездесу өтті. Аталмыш басқосуға аудан әкімінің аппарат басшысы Айбек Ақылбекұлы, персоналды басқару бөлімшесінің басшысы Ғани Айтқұлов және бас маман Бағлан Саятаев қатысты.
Басқосу барысында тиісті мамандар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 15-бабының 6-тармағына сәйкес, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім беру ұйымдарында мемлекеттік гран иегерлеріне, (GPA балл 3,33) мәннен төмен емес оқу нәтижесімен оқуын бітірген адамдарға осы оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік басшылық емес лауазымдарында конкурс өткізілместен орналасу құқығы берілгендігі туралы тәртібін түсіндірді.
Осыған байланысты, жоғарғы оқу орындарының түлектері қатарынан Жаханқызы Жансая, Тұрлыбек Жанерке Қабылқызы, Сұлтан Айжан Бибекқызына аудандағы бос лауазымдар ұсынылып, оларды мемлекеттік қызметке тарту бағытындағы тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сайрам ауданында балалардың қауіпсіздігі мен қорғалуы бағытындағы жұмыстар жоспарлы түрде жүргізіліп келеді. Оқу жылы басталып, күз келе бастағанда жасөспірімдердің түнгі мезгілде көшеде, ересектерге арналған орындарды, тағы басқа орындарда жүруінің алдын алу, және профилактикалық шаралар алу бойынша жұмыстар басталуда.
Түркістан облысы полиция департаментінің бастығының нұсқауына сәйкес, Сайрам АПБ-ның ұйымдастыруымен аудан көлемінде 17-19 қыркүйек аралығында «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Мақсаты — жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау, түнгі уақытта ата-ананың бақылауынсыз үй-жайынан тыс жерлерде компьютерлік ойынханалар мен мейрамханаларда болуларына тыйым салу, бала тәрбиесіне немқұрайды қарайтын ата-аналарды анықтап, тиісті шаралар қабылдау.
Құрметті ата-ана, балаңыздың өміріне өзіңіз жауапты екеніңізді ұмытпаңыз! Сондықтан әрбір ата-ананың назарына кәмелет жасына жетпеген балаларын қараусыз қалдырмауды, бала тәрбиесімен тұрақты айналысу қажет екендігін ескертеміз!
Жасөспірім арасындағы құқық бұзушылықтар мен кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты қылмыстың алдын алуға және болдырмауға, олардың қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шара аудан көлемінде жалғасатын болады.