МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАМЕН МӘДЕНИЕТ ҮЙІ САЛЫНУДА

Мемлекет басшысының ауыл тұрғындарының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартып, қалалықтармен бір деңгейе жеткізуге байланысты тапсырмасын орындау бойынша бірнеше мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар қабылданып, жергілікті жерлерде солар бойынша жұмыс жасалынуда. Түркістан облысында ауылды елдімекендердің әлеуметтік нысандарын, инфрақұрылымдарын салу, жөндеу мен қалпына келтіріп, халыққа сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету бойынша «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы қарқынды жүргізілуде.
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Қабланбек ауылдық округі, Қанағат елді мекеніне арнайы барып, «Ауыл–ел бесігі» бағдарламасы аясында бой көтеріп жатқан 150 орындық мәдениет үйі мен кітапхананың құрылыс жұмыстары барысының жай-күйімен танысты.
Қазіргі таңда, нысанның ішкі күрделі сылақ жұмыстары аяқталып, әрлеу, кафель орнату жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, ішкі жылу жүйесін және газ жүйесін жүргізу жұмыстары атқарылуда. Акт залының акустикалық қабырға тақталары және сахнасы орнатылуда.
Құрылыс алаңында болған аудан басшысы Арман Абдуллаев атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарын бақылай отырып, мердігер мекеме өкіліне бірқатар ескертулер атап өтіп, құрылыс жұмыстарын мерзімі белгілеп ауданның құрылыс және сәулет қала құрылысы бөлімінің басшысы Е. Қосмұратовқа қадағалауды тапсырды.
Келесі кезекте, аудан әкімі Қабланбек ауылдық округі арқылы өтетін облыстық маңызы бар КХ-50 «Дербісек-Сарыағаш» автомобиль жолының 15+050 шақырымында жүргізіліп жатқан көпірдің күрделі жөндеу жұмыстарының барысын бақылады.
Аудан басшысы бірнеше елді мекендерді байланыстыратын маңызды көпір болғандықтан, құрылыс компаниясының өкілдеріне пайдаланылған құрылыс материалдарының сапасына айрықша мән беруді тапсырды.