ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАРЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫНЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

0
58

«Қуатты өңірлер – Ел дамуының драйвері» ұлттық жобасының мақсаты Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында сол аймақтарға тән өнімдерді өндіруді қолға алып, олардың өзіндік құнын кемітіп, өнімділігін арттыру арқылы, жаңа технологиялық әдістер мен ғылым мен білім жетістіктерін, үнемшілдік технологияларын пайдалана отырып үлкен де қарқынды дамуды қамтамасыз ету. Өңірлердің дамуы қарқын алып жетістіктер молайса мемлекеттің де қуаты артып, еліміз бәсекеге қабілетті әрі әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі жоғары елдердің қатарына қосылады.
Түркістан облысында осы қағида бойынша жұмыс жүргізіліп, облыс әкімі Дархан Сатыбалдының белсенді басшылығымен жоспарлы тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету бойынша тиянақты да нәтижелі жұмыстар іске асырылып келеді. Қалалар мен аудандардың әмікдері де өздерінің аумағындағы жоспарлы жұмыстардың уақтылы орындалуы болында жұмыс жасауда.
Сауран ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен ауданның апталық мәжілісі болып өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, кеңесшілері, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты.
Мәжілістің күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Онда 9 айдың қорытындысымен индикаторлық және аудан бюджетінің күтілімді орындалулары туралы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ильяс Мырзахметов, ауыл шаруашылығы бөлімінің ағымдағы жылдың 8 айында атқарған жұмыстары мен алдағы жұмыс жоспары бойынша ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Бекзат Абубакиров баяндама жасады. Сонымен қатар, 2024 жылғы күзгі әскер қатарына шақыру бойынша Түркістан қаласы және Сауран ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасының әскерге шақыру бөлімінің бастығы Бақытжан Жұмабеков хабарлап өтті.
Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ильяс Мырзахметовтің мәлімдеуінше ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша 9 айлықтың қорытындысымен индикаторлық жоспарлардың орындалуы туралы әр салаға жеке-жеке тоқталып өтті. Аталған мәселе бойынша аудан әкімі өз деңгейінде жұмыс жүргізбей жатқан ауыл әкімдері мен дербес бөлім басшыларын сынға алып, тиісті жұмыстарды толық орындауды тапсырды.
Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Мақсат Таңғатаров күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша дербес бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды міндеттеді.