ШЕКАРА БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА — 25 ЖЫЛ

Қазақстан Республикасы егемендігін жарияласымен дербес мемлекет ретінде өзінің байтақ территориясының шекарасын белгілеп, бекітіп алуға кірісті. Бүгінде Қазақстан барлық көршілерімен келісілген шекаралық сызығын белгілеп алған. Енді сол шекараны қырағы күзетіп, мемлекетке қауіп төнбеуін, халықтың тыныштығын қырағы күзету маңызды. Ал шекараны күтететіндер – шекара әскерлері. Түркістан облысы да көрші мемлекетпен шектеседі. Ол шектесетін аумақты күзетуші Сарыағаш ауданы бойынша шекара басқармасының құрылғанына биыл 25 жыл толып отыр. Сарыағаш шекара басшармасының осы мерейлі датасына орай салтанатты іс-шара өтті.
Алдымен, мерекелік шеру ҰҚК шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаменті, Сарыағаш ауданы шекара басқармасының саптық алаңында өтті.
Іс-шара аясында шекараны күзетудің қару-жарақ, техника және техникалық құралдарының көрмесі ұйымдастырылды, онда қонақтар мемлекеттік шекараның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы заманауи жетістіктермен танысты.
Салтанатты шара аудандық мәдениет үйінде жалғасты. Оған аудан әкімі Арман Абдуллаев, Сарыағаш ауданы бойынша шекара басқармасының бастығы полковник А.Болатов, ауданның құқық қорғау органдарының басшылары, басқарманың әскери қызметшілері мен қызметкерлері, сала ардагерлері, отбасы мүшелері мен аудан тұрғындары қатысты.
Мерекелік іс-шара барысында аудан әкімі Арман Абдуллаев және шекара басқармасының бастығы сөз алып, шекара қызметінің тәуелсіз еліміз үшін маңыздылығын атап өтіп, шекара қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Мерекелік көңіл-күй көрермендерге ұмытылмас сәттер мен жағымды эмоциялар сыйлаған аудандық өнерпаздардың қатысуымен концерттік бағдарламамен жалғасты.
Сонымен қатар, салтанатты шарада бірқатар шекарашылар облыс және аудан әкімдерінің және Түркістан облысы бойынша шекара департаменті бастығының алғыс хаттарымен марапатталды.