«САУАТТЫ ЖАРНАМА» АКЦИЯСЫ ҚАРҚЫНДЫ ҚОЛҒА АЛЫНУДА

0
47

«Сауатты жарнама» акциясы, көрнекі ақпараттардағы тіл тазалығын сақтау төңірегіндегі түсіндіру жұмыстары Қарамұрт, Ақбұлақ Ауылында жалғасты. Акция аясында ҚР «Тіл туралы» Заңының 21-бабындағы Көрнекi ақпарат мәтiні кәсіп иелеріне түсіндірілді.
Атқарылған жұмысқа келетін болсақ, Қарамұрт, Ақбұлақ елдімекенінде орналасқан «PARIS» турагенттігі, «Арзу» балалар мен әйелдер массажы, «Кәусар» әйелдер киімі, «Қарамұрт» бастапқы медициналық санитарлық көмек орталығы секілді жалпы 44 кәсіпкерлік нысанның жарнама жазуларына түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде — 20-сы түзетілді, 24 кәсіпкерлік нысан иесіне ауыстыруға уақыт беруге қатысты хабарлама берілді. Сондай-ақ, Қарамұрт, Ақбұлақ ауылындағы көше атауы жазылған бірнеше аншлагтардың ескіргені анықталды.
Акция аясында аудан аумағындағы кәсіпкерлік нысандарды Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Даулетхан Алашбаев бастаған топтық мүшелер аралап шықты.
Аудан аумағында жарнамалардағы тіл тазалығын сақтау төңірегіндегі түсіндіру жұмыстары тағы да өз жалғасын тапты. Аталмыш акция аясында ҚР «Тіл туралы» Заңының 21-бабында Көрнекi ақпарат мәтiні кәсіп иелеріне кеңінен түсіндірілді.
Атап айтқанда, таяуда Қарасу ауылы, Жібек жолы көшесінің бойында, Ақбай елдімекенінде орналасқан «Ырыс» құрылыс заттар дүкені, «Алтын» құрылыс заттар дүкені, «Jol market» және «Береке» азық-түлік дүкендері, «Ханшайым» дәмханасы сияқты кәсіпкерлік нысандардың жарнама жазулары жіті қадағаланды. Бүдан бөлек, дәріхана, дүкендердегі бақылау касса машинасына мемлекеттік тілдің енгізілгендігі толық тексерілді.
Аралау барысында жалпы 40-қа жуық кәсіпкерлік нысанға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 16-сы түзетілді, 17 кәсіпкерлік нысан иесіне хабарлама берілді. 5 бақылау-касса машиналары бар кәсіп иелеріне түсіндірме жүргізіліп, мемлекеттік тіл енгізілген кәсіпкерлік нысан ретінде «Ырыс» сауда орны айқындалды. Қарасу ауылындағы көше атауы жазылған бірнеше аншлагтардың ескіргені және дұрыс емес жазылғандығы, қараусыз қалғандығы анықталды.
Акция аясында аудан аумағындағы кәсіпкерлік нысандарды Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Даулетхан Алашбаев тіл жанашырлары тұрғындарды көшелердегі сыртқы (көрнекі) жарнамада кездесетін кез келген қателікке бейжай қарамауға шақырып, сауатсыз жарнамаға жол бермеуге, қандайда бір заңға қайшы келетін жарнама, нысан атауларын көрген жағдайда, Сайрам ауданының тілдерді оқыту және дамыту орталығының 87752911992 нөміріндегі «Whatsapp» мессенжеріне хабарласуларын сұрайды.