ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАСӨСПІРІМДЕР ЖАРЫСТАРДА ЖҮЛДЕ АЛУДА

0
61

Қыркүйек айының 21-22 күндері Шымкент қаласы Қасымбек Датқа ауылында Аударыспақ спортынан жасөспірімдер арасында (2007-2009 ж) Түркістан облысының чемпионаты өтті.
Жарысқа облысымыздың түкпір-түкпірінен келген жасөспірімдер өз бақтарын сынады. Аталған жарысқа “Шардара аудандық ұлттық спорт және өнер клубы” КММ-нің спортшылары да қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Атап айтар болсақ: 2-орын Нұрмаханбет Қуаныш, 3-орын Бибала Мейіржан
Сонымен қатар, жетістікке жеткен спортшылар жаттықтырушылары Бекжігіт Жандос пен Жүнис Сәкенмен бірге Шымкент қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдама алды.
2024 жылдың 19-21 қыркүйек күндер аралығында Ақмола облысы, Атбасар елді мекенінде грек-рим күресінен Кеңес одағының батыры Ақан Құрмановты еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы XXI республикалық турнир өз мәресіне жетті.
Республикалық турнирде Ерман Дүйсебаевтың шәкірті
Осман Айтуған 48 келі салмақ бойынша жеңімпаз атанды.
Ал, Төлеби ауданы Қазақстан елді мекенінің тұрғыны, еңбек ардагері Дәулетбаев Амантай Дәулетбайұлын еске алуға арналған бокстан облыстық чемпионаттың ашылу салтанаты өтті.
Ленгір қаласындағы «Тағай» спорт кешенінде ұйымдастырылған іс-шараға дене шынықтыру және спортты әрі қарай бұқаралық дамыту, жасөспірімдер арасында патриоттық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын насихаттауға арналды. Жарыс 2007-2008 жылы туылған жастар арасында ұйымдастырылып, оған 9 команда 136 спортшы қатысты.
Турнирдің ашылу салтанатына алғашқы сөз алған аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров былтырғы жылы аудандық ашық біріншілік ретінде ұйымдастырылған спорт сайысының ауқымы кеңейіп, облыстық чемпионат статусына ие болғанын айтып, дүбірлі додада бақ сынап отырған жасөспірімдерге сәттілік тіледі.
Боксшылар Қазақстан елді мекенінің тұрғыны, еңбек ардагері Дәулетбаев Амантай Дәулетбайұлының жүлдесі үшін күресті. Түркістан облысының құрама команда сапына жас талантты спортшыларды іріктеу және ҚР чемпионатында Түркістан облысының намысын қорғайтын спортшыларды анықтау бағытындағы жарыс күнтізбелік кестеге енгізіліп, жыл сайын тұрақты түрде Төлеби ауданында өткізу жоспарлануда.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнайы сыйлықтар мен дипломдармен марапатталады. Облыстық чемпионат 25-29 аралығында өтеді.