ТҮРКІСТАНДЫҚ ВОЛЕЙБОЛШЫ ҚЫЗДАР ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ

0
51

Елімізде азаматтардың бұқаралық спортты серік етіп, денсаулықтарын нығайтуына толық жағдай жасалып, оның пайдалылығы үнемі насихатталып келеді. Бүгінде еліміз бойынша денешынықтыруды әдетіне айналдырып, бұқаралық спорт түрлерімен айналысушы ересектер қатары өсіп келеді. Дегенмен, адамның денсаулығын нығайту мен спортқа беймділігін жас кезінен бастап қалыптастырудың нәтижесі жоғары болатыны белгілі.
Түркістан облысында ересектермен қатар жас ұрпақтың денсаулығын нығайту мен бұқаралық спорт түрлерімен айналысуыға ынталандыру жұмыстары бала кездеп бастап жүргізіледі. Ол мақсатта балабақшадан бастап, тұрғын үйлердің аулаларындағы балаларға арналған алаңшаларда, шағын спорттық алаңдарда,мектеп қабырғаларында мүмкіндігінше спортпен айналысуға жағдайлар жасалынған.оған қоса облыс бойынша көптеген балалар мен жасөспірімдердің мектептері жұмыс жасайды. Оларда мектеп бағдарламасымен білім беруге қоса, спорттың бала таңдаған түрі бойынша терең үйрету жұмыстары жүргізіледі.
Түркістан қаласында волейболдан 2012-2013 жылы туған жасөспірім қыздар арасында өткен республикалық турнир өз мәресіне жетті. Жарыс қаланың «Құрметті азаматы», ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мамаш Омаровты еске алуға арналды.
Сайысқа Астана, Шымкент, Хромтау, Ақтөбе, Түркістан қаласы мен Қызылорда, Ақтөбе, Жамбыл облыстарынан келген 8 команда қатысып, өзара бақ сынасты. Тартысты ойында Түркістан қаласының «№2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің» волейболшы қыздары I орынды иеленсе, II орын Ақтөбе қаласына, III орын Ақтөбе облысы, Байғанин ауданына бұйырды.
Жиынға қатысқан қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі Марат Әсілбаев пен «Түркістан қалалық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің» директоры Әнуар Сәрсенбаев жеңіске жеткен командаларды құттықтап, қатысушыларға алғыс білдірді. Жеңімпаз командаға арнайы кубок табысталып, жүлдегерлер алғыс хаттармен марапатталды.