«АЛТЫН АЛҚА» ЖӘНЕ «КҮМІС АЛҚА» ИЕЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Қазақстан Республикасында демографиялық жағдайды жақсарту бойынша мемлекеттік саясат жүргізіліп отыр. Өйткені, жер көлемі жағынан дүниежүзінде тоғызыншы орын алатын еліміздің халқының саны жиырма миллионнан сіл ғана асты. Ал қазіргідей нарықтық қатынастар заманында адам санының көп болуы тұтынушылардың көп болып, өндіріліген өнімнің саудалануына септік етеді. Сонымен бірге ауыл шаруашылығы мен өндірістік салаларды, басқа да адам ресурстарын қажет ететін салаларды дамыту үшін жұмыс күші жеткілікті болуы да маңызды. Сондықтан да елімізде ана мен бала,а қамқорлық жасауға көп мән берілдіп, жеңілдіктер қарастырылып отыр. Көпбалалы болу насихатталып, қаржылай қызығушылық та жасалынуда. Түркістан облысы көпбалалы аналары ең көп, жыл сайын туылып жатқан сәбилер бойынша да алдыңғы орындағы аймақтың бірі.
Кентау қаласында көпбалалы аналарға құрмет көрсетілді. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен әйел-аналардың құрметіне ұйымдастырылған шарада қала әкімі Жандос Тасов алтын құрсақты аналармен кездесіп, құттықтау лебізін білдірді.
Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес бөлінген «Күміс алқа»және «Алтын алқа» төсбелгілерін табыс етті.
Ел демографиясына үлес қосып отырған ақ жаулықты аналарға, ұрпақ тәрбиесіндегі өлшеусіз еңбектері үшін алғыс айтылды.