ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қазақстанда білім беру саласына мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп отыр. Қазақстандық жасөспірімдердің заманауи озық әдістермен дәріс алып, жан-жақты білімді де тәрбиелі болып өсуін қамтамасыз ету бағытында барлық жағдай мүмкіндігінше жасалынуда. Бұл жұмыстар Түркістан облысында да айтарлықтай нәтижелі жүргізілуде. Түлкібас ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері Шолтаева Назира Мендебайқызының апталық жоспарына сәйкес 2024 жылдың 26 қыркүйек күні С.Бреусов атындағы жалпы білім беретін мектептің ағылшын тілі пәні педагогтері бірлестігімен » Innovative foundation of functional literacy teaching methods in English lessons » тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында мектеп директоры К. Сейдалиева және мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Г. Сексенбаева, шетел тілдері пәні әдіскері Н.Шолтаева оқу -тәрбие үдерісінде оқытудың инновациялық әдіс- тәсілдерін қолданудың ерекшеліктеріне тоқталып, педагогтерге ағылшын тілі пәні сабақтарында функционалдық сауаттылыққа бағытталған оқытудың инновациялық әдістері мен негіздері бойынша түсініктеме берді.
Диалогтық алаң шеңберінде педагогтер білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технологияларды таңдау және одан шығатын нәтиже кәсіби біліктілікке тікелей байланысты екендігін, мақсатты түрде жүргізілген жұмыстар өз жетістігін беретіні жайында пікіралмасты.
Мектепке дейінгі білім мен тәрбие беруді мектептегі білім мен тәрбиемен сабақтастыра жүргізу айтарлықтай нәтижелер беретіндіктен осы мәселені дұрыс жолға қою бойынша жұмыстар жасалуда.
“Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасы аясында 2024-2025 жылдарға арналған Жол картасын орындау мақсатында, ағымдағы жылдың 25 қыркүйек күні «Мектеп пен балабақша арасындағы сабақтастық» жоспары аясында ауданымыздағы 28 мектепке дейінгі ұйым педагогтары , жалпы білім беретін мектептің мектепалды даярлық сыныбы және 1 сынып педагогтерімен бір мезгілде өзара сабақтастық іс — шарасын өткізді. Тақырыбы: «Балабақша түлектерінің мектепке бейімделуі, сынып мұғалімдерімен түлектерімен әңгіме жүргізу сұхбаттасу».
Мектепке дейінгі ұйым педагогтері балалардың 1 сыныпқа бейімделуі мен оқуға даярлығы бойынша жұмыстар жүргізді.
Іс- шара мақсаты: Мектеп пен балабақша арасындағы сабақтастықты орнату. Балабақша педагогтері мен жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің арасындағы өзара ынтымақтастығын нығайту. Балаларың білімінің шыңдалуына екіжақты ықпал ету. Педагогтер өзара тәжірибе алмасып, кәсіби біліктіліктерін арттыру болып табылды. Кездесу барысында: Педагогтер өз ой-пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстарымен жалғасын тапты. 2024-2025 оқу жылына арналған «Мектеп пен балабақша арасындағы сабақтастық » жоспарындағы жұмыстар өз жалғасын таба бермек.
МЕКТЕП МЕДИАЦИЯСЫ ҚЫЗМЕТІ АТТЫ КӘСІБИ ҚОЛДАУ АҚПАРАТТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ
Түлкібас ауданы білім бөлімінің жылдық жоспарын сәйкес 2024 жылдың 25 қыркүйек күні П.Шевцов атындғағы жалпы білім беретін мектеп базасында өңірлік кураторлық мектептердің директордың тәрбие жөніндегі орынбасарлары және педагог-психолог мамандарының қатысуымен «Мектеп медиациясы қызметі» тақырыбында аймақтық кәсіби қолдау ақпараттық семинары ұйымдастырылып өткізілді.
Мақсаты: Жанжалдасатын тараптардың дауларын шешуге мектеп медиациясының тиімділігін арттырудың педагогикалық-психологиялық шарттарын анықтау және негіздеу.
Семинар барысында үш топқа бөлініп шебер сынып жұмысы көрсетілді және адамдардың құқықтары мен міндеттері туралы және медиация кабинеті, оның қоғамдағы ролі мен маңыздылығы, медиацияның тетіктерін ұтымды пайдаланудағы тиімділігі, қоғамда орын алатын дауларды екі тарапқа да оңтайлы реттеу сынды мәселелер қозғалды.
Кездесу соңында қатысушылар өздерінің азаматтық-құқықтық нормаларымен, оның ережелерімен және кез-келген мәселені заң аясында шешудің әдіс-тәсілдерінің тиімді жолдарымен танысты.
Оқушылар арасында құқық бұзушылық пен әлімжеттік мәселесі кеңінен тамыр жайған күрделі мәселе. Өзектілігі өшпеген мәселеге тоқтау салу мақсатында «Мектеп медиациясы қызметін» қолға алу маңызды іс екендігі ескертілді.