ЕЛДІМЕКЕНДЕР КӨШЕЛЕРІНЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

0
48

Мемлекет басшысының елдімекендерде инфрақұрылымдарды жетілдіру мен сапасын арттыру бойынша тапсырмаларын орындау бойынша Түркістан облысында тиянақты жұмыстар жасалынуда. Елдімекендердің ауылішілік көшелерін жөндеу арқылы тұрғындарға жайлы жағдай жасау үшін жоспарланған жұмыстар қарқынды іске асырылуда.

Сауран ауданы, Майдантал ауылдық округіне қарасты Қаражон, Ынталы елді мекендеріндегі 7 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аудан әкімінің халықпен есепті кездесуінде осы аталған мәселе ауыл тұрғындары тарапынан бірнеше рет көтерілген болатын. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров осы аталған жұмысты арнайы барып қадағалады.

Аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жолдас Мырзабековтың мәлімдеуінше Майдантал ауыл округінің Қаражон, Ынталы елді мекендеріндегі Төрткүл, Ақсарай, Құсшы ата, Ақсай, Б.Момышұлы, Рысқұлов, Жансүгіров көшелерін орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, ұзындығы 12,56 шақырымды құрайды. Ауылдық округтегі орташа жөндеу жұмыстары «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы аясында «Altai Building LTD» ЖШС мекемесі жүргізуде.

Аудан әкімі сонымен қатар, елді мекенде алдағы уақытта атқарылатын жұмыс жоспарларын айта келе, ауыл тұрғындарының көтерген мәселелері кезең-кезеңімен шешілетінін атап өтті. Ауыл ақсақалдары тарапынан бірнеше ұсыныс-пікірлер де айтылды. Жиын соңында ауыл ақсақалы аудан әкімінің атқарып жатқан жұмыстарын жоғары бағалап, қызметіне сәттілік тілеп, батасын берді.

Сол сияқты «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында облыс әкімінің әлеуметтік желідегі парақшасына тұрғындардан түскен өтініш-тілектер де елеусіз қалмауда. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының әлеуметтік желідегі парақшасына Сауран ауданына қарасты Шаға ауылдық округі, Қазақстанның 30 жылдығы елді мекенінің тұрғыны Ораз Назаровтың жазған өтініш бойынша төмендегі мәліметті жолдаймыз.

Сауран ауданы, Шаға ауыл округі, Қазақстанның 30 жылдығы елді мекенінде орналасқан Темірқорған көшесін орташа жөндеу жұмыстарын «Естет Строй» ЖШС 2023 жылы аяқжол жұмыстарын атқарып, автожолдың тас төсеу жұмыстарын жүргізген. Аталмыш жұмыстар келісім-шарт бойынша 2024 жылға өтпелі болған. Мердігер мекеме асфальт салу жұмыстарын қазан айының соңына дейін істеуді міндетіне алып отыр.