ТҮРКІСТАНДЫҚ ҰСТАЗДАР БІЛІКТІЛІГІНІҢ ЖОҒАРЫ ЕКЕНІН КӨРСЕТУДЕ

Мемлекет басшысы биылғы жылғы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында білім беру саласында заманауи да жайлы, барлық жағынан озық технология, инновациялық жетістіктермен жабдықталған мектептер салуда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатқанын айта келіп «Ұстаздар – ұлттың зияткерлік қуаты. Олар білімді ұрпақ тәрбиелеу арқылы еліміздің өркендеуіне жол ашады. Үздік оқу бағдарламасы, заманауи мектептер, озық басқару жүйесі болса да, ұстаз білікті болмаса, оның бәрі бекер екені анық. Сондықтан педагогикалық жоғары оқу орындарына талапты, қабілетті жастарды қабылдауға баса мән беру керек. Жалпы, бұл бағыттағы жұмыстың беталысы жақсы, оны жалғастыру қажет» деді. Яғни оқушыларға білім алу үшін қандай заманауи мектеп ғимаратын салып, оны ең озық та жетілдірілген жабдықтармен жабдықтағанмен, балалардың сапалы білім мен саналы тәрбие алып шығуы сол мектептердің ұстаздарының біліктілігіне байланысты екенін атап көрсетті. Сондықтан да, ұстиаздардың білімі мен тәжірибесін жетілдіріп, озық әдістерді меңгеріп, инновациялық белсенділік танытуы маңызды. Түркістан облысында педагогтердің біліктілігін арттырып, тәжірибесін молайту бойынша шетелдерге де жіберіп үйтеруде, сол сияқты үздік мұғалімдердің жаңашыл да озық әдістерін насихаттау да жолға қойылған.
Астана қаласында қыркүйектің 24-26 күндері «Сабақ зертеулері: оқыту мен оқуды жақсартуға ұмтылыс» стратегиялық тақырыбында WALS -2024 халықаралық конференциясы өткен болатын.
Конференцияның мақсаты — осы бағыттағы зерттеулермен, оқыту мен оқудың сапасын жақсартуға бағытталған тәжірибелермен бөлісу.
WALS-2024 қатысушыларының қатарында Ұлыбритания, Сингапур, Жапония, Финляндия, Малайзия, Австрия, Қытай, Америка Құрама Штаттары, Гонконг, Түркия елдерінің қатысушылары бар.
Аталған конференцияға қатысқан Түркістан Білім басқармасының Сауран аудандық бөліміне қарасты Ә.Сығай жалпы білім беретін мектепбінің директоры Алиева Мереке Кенжетайқызы «Қазақ тілі сабағында білім алушылардың дивергентті ойлауын қалыптастыру арқылы оқушыларды сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру» тақырыбында зерттеу жұмысын қорғады. Халықаралық конференцияда жобасын сәтті қорғаған ұстаз өзінің біліктілігінің жоғары екенін көрсете білді.
Сарыағаш ауданының білім бөліміне қарасты №74 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нуркулов Дауренбек Миатұлы «Үздік сынып жетекші-2024» байқауының облыстық кезеңінде топ жарып, бас жүлде иегері атанды. Бұған дейін ол аудандық сынып жетекшілері сайысына қатысып, біліктілігі мен тәжірибелілігін, өз мамандығының жетік білгірі екендігін дәлелдеген еді.
Нуркулов Дауренбек Миатұлы — Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін үздік тәмамдап, еңбек жолын ауыл мектебінен бастайды. Жас маман болса да білімі мен тәжірибесін ұштап, шығармашылық тұрғыдан белсенділігін көрсетіп келеді. Айталық, шәкірттері ғылыми жобалар мен пәндік олимпиадаларда оза шауып, аудандық, облыстық білім бәйгелерінде жоғары нәтижеге қол жеткізуде. Республикалық деңгейде біліктілігін көрсеткен ұстаздың шәкірттері болашақта республикалық, халықаралық пән олимпиадаларында да жүлдегерлер қатарынан көрінетіндеріне сенім мол.