ҚОС КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСТАРЫ ӨТТІ

0
57

Түркістан облысында құқықбұзушылықтың алдын алу мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу бойынша түрлі шаралар жыл бойы жүргізіліп келеді. Өйткені әділетті де жаңа Қазақстан құру үшін елдің барлық аумағында заң мен тәртіптің, әділдіктің салтанат құруын қамтамасыз ету қажет. Сонда мемлекеттің де кедергілерсіз қарқынды дамуына қол жеткізіледі.

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында «Қазір «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заң жобасы әзірленіп жатыр. Осы заңның талаптарын орындау үшін қоғам мен мемлекеттік аппарат күш жұмылдыруы керек. Сонда ғана жағдайды түзетіп, заң үстемдігін және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз.

Тағы да қайталап айтамын: біздің қоғамымызда заң мен тәртіп үстемдік құруға тиіс. Бұл – бүкіл қоғамның және әр адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты ең басты талап. Біз сонда ғана Әділетті, Таза және Қауіпсіз Қазақстанды құра аламыз» деп адам мен қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттің қарқынды дамуы екенін тағы атап көрсетті.

Сауран ауданы әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен аудан әкімдігінің жанындағы құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі комиссияның кезекті отырысы болып өтті. Мәжіліске комиссия мүшелері, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары және тиісті сала басшылары қатысты.

Комиссияның күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Атап өтсек, кәмелет жасына толмағандармен жасалатын қылмыстардың және оларға қатысты жасалатын қылмыстардың профилактикасы жөніндегі атқарылған іс-шаралары туралы аудандық жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Оразәлі Қаржаубаев, білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Мейіржан Әділбеков баяндама жасады.

Сонымен қатар, жол көлік оқиғаларының профилактикасы, оның ішінде адам өліміне алып келген оқиғалардың алдын алу туралы ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрғазы Тажыбеков, меншікті қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы (мал, пәтер ұрлықтары, алаяқтық, қарақшылық, тонау және тағы басқа) мәселелер бойынша аудандық жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Оразәлі Қаржаубаев хабарлап өтті.

Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Мақсат Таңғатаров күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша құқықбұзушылық профилактикасының алдын алу бағытында кешенді шара қабылдап, алдағы уақытта ауылдық округтер мен бөлімдерге тиісті тапсырмалар берілді.

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сауран ауданы әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен аудан әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы болып өтті. Мәжіліске комиссия мүшелері, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары және тиісті сала басшылары қатысты.

Комиссияның күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Атап өтсек, сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым бейім салалардың басшыларын тыңдау туралы жер қатынастары бөлімінің басшысы Асылбек Патсаев, білім және мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі сыбайлас жемқорлықтың жай-күйі және атқарылып жатқан жұмыстары туралы білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Мейіржан Әділбеков, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жанар Жұмабекова баяндама жасады.

Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Мақсат Таңғатаров күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында кешенді шара қабылдап, алдағы уақытта ауылдық округтер мен бөлімдерге семинар-кеңес өткізуді тапсырды.