ЖҰМЫСТАРДЫҢ ЖҮЙЕЛІ АТҚАРЫЛУЫ ҚОЛҒА АЛЫНУЫ ҚАЖЕТ

0
48

Түркістан облысында, оның қалалары мен аудандарында  биылғы жылға арналған жоспарлардың орындалуы мәселесі күн тәртібінен ешбір түскен емес. Әрбір сала бойынша өңір басшыларының жиналыстары өткізіліп, онда сол саланың жоспарлы жұмыстарының атқарылу барысы, орын алып отырған олқылықтар мен кемшіліктерге жол бермеу мәселелері қаралып, жұмысты ширату бойынша шаралар қабылданып келеді.

Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитовтің төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Жиынға тиісті сала және дербес бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.

Күн тәртібінде жайылым жер және бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерге жарияланған сыни материалдар мен позитивті мақалалар туралы мәселелер талқыланды.

Алдымен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жаңабек Хамраев көтерілген тақырып төңірегінде сандық көрсеткіштерге жеке-жеке талдау жасады. Бұдан бөлек, аталған бөлім мен «Sairam» телеарнасымен бекітілген келісімшарт аясында ашылған «Жүздесу» бағдарламасында алдағы уақытта әрбір салаға қатысты бөлім басшыларының сұхбат беруі жайлы ұсынысын білдірді. Айта кетейік, бұл бағдарлама жауапты қызметкерлердің өздеріне тиесілі салаларындағы өзекті мәселелердің шешілу жолдары мен тұрғындардың талап-тілектерінің орындалу барысы туралы атқарылып жатқан жұмыстарын қалың қауымға кеңінен құлақтандыруға бағытталған.

Келесі кезекте аудандық жер қатынастарына қатысты тұлғалар мен әр ауылдық округ әкімдері аудан аумағында жайылым жерлерді ортақ пайдаланысқа қайтару барысы бойынша баяндама жасады.

Басқосу барысында аудан аумағындағы абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары мен 9 айдың қорытындысы бойынша аудан бюджетіндегі қаржының игерілуіне қатысты мәселелер де назардан тыс қалмады.

Сала басшыларының баяндамаларын тиянақты тыңдаған аудан басшысы Арман Сәбитұлы мәжілісте көтерілген мәселелердің шешілу жолдарын қарастыруды тілге тиек етті. Атап айтқанда, әлеуметтік желілерде тұрғындар тарапынан көтерілуі мүмкін өзекті мәселелердің алдын алу үшін алдымен шұғыл түрде кері байланысқа шығып, тіпті, қажет болған жағдайда, зерделеу жұмыстарын өтініш иесімен бірге жүргізу қажеттігін жеткізді. Және ауылдық округтердегі жер учаскелерін қайтару бойынша тиісті қаулыларға сәйкес, жұмыс қарқынын күшейтуді тапсырды.

Сайрам ауданы әкімдігінде төтенше жағдайларды болдырмау және жылыту маусымына дайындық мәселелері де аудан басшысының қатысуымен талқыланды.

Аудан әкімі Арман Сәбитовтің төрағалығымен аудан аумағындағы жылыту маусымы кезінде улы газдан уланудың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар туралы және су тасқынының алдын алу бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Жиында Сайрам ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Асан Тулепбергенов аталған тақырып аясында баяндама жасады. Аудан аумағында су тасқынының алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Басқосу барысында аудан әкімі Арман Сәбитұлы төтеншеліктерге ауданымыздағы тұрғын үйлер және көпқабатты тұрғын үйлердің барлық қазандықтары мен мұржаларының жарамдылығын анықтап, кемшіліктерді жою жұмыстарын қолға алуды тапсырды. Және 2024 жылғы күзгі-қысқы су тасқынының алдын алу мақсатында ішкі арықтарға және ирригациялық жүйелерге механикалық тазалау жұмыстарын жүргізу керектігін жеткізді. Бұдан бөлек, жол астындағы кіші диаметрлі құбырларды үлкен диаметрлі құбырларға ауыстыруы, 209 км ұзындықты құрайтын жер каналдарды механикалық тазалаудан өткізуі, ал, ауыл округ әкімдері мотопомпаларды әзірлікте ұстап, құм, қапшық секілді инертті материалдарды дайындыққа келтіру керектігін айтты.

Жиын соңында қатысушылар қозғалған тақырыпқа қатысты өз ойларын сарапқа салды.