РЕФЕРЕНДУМҒА ӘЗІРЛІК СЕМИНАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

Қазақстан Республикасы егемендігін жариялап дербес даму жолына түскелі бері мемлекетіміздің дамуын, халқымыздың әл-ауқаты мен тұрмыс деңгейін көтеру мақсатында әлеуметтік мемлекет ретінде көп жұмыстар атқарып келеді. Дегенмен, бодандықтың, өтпелі кезеңдеге орын алған олқылықтардың әсері бірден түзеліп, бірден қарқынды даму жолы қалыптаса қоймайды. Десек те мемлекет Жаңа Қазақстан құру үшін қоғамды соған дайындап, бейімдеуде. Азаматтардың қоғамға, мемлекетіне, заңдылық пен тәртіпті сақтауға деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру жүргізілуде.
Қазіргі кезде әлемде энергетикалық тапшылық сезіле бастаған кезеңде мемлекетіміздің қарқынды дамуын қамтамасыз ету электр қуатының жетімді болуына да байланысты. Сондықтан да Мемлекет басшысы бір жылдық талдау мен талқылаудан кейін биылғы Жолдауында Қазақстанда Атом электр станциясын салу не салмау мәселесін түпкілікті шешетін кездің жеткенін айтып, алдағы 6-шы қазан күніне жалпыұлттық референду беліледі. Бір айдан бері бүкіл еліміздің барлық аумақтарында сол қазақстандықтар үшін өте маңызды да жауапты мәселеге –жалпыұлттық референдумға дайындық пен оны өткізуге әзірлік жұмыстары қызу жүргізіліп жатр.
Түркістан облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Аңсар Өсербаевтың қатысуымен жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдерімен бірге тағайындалған республикалық референдумға әзірлік және оны өткізу мәселелеріне арналған оқыту — семинары өткізілді.
Семинар отырысына ауданның аумақтық және Ордабасы ауданында орналасқан барлық учаскелік референдум комиссияларының төрағалары қатысты қатысты.
Оқытуда республикалық референдумға дайындық, азаматтар тізімі бойынша атқарылып жатырған жұмыстар, референдумды материалдық-техникалық қамтамасыз ету, референдум процесіне қатысушылардың заңнаманы сақтауын қадағалауды жүзеге асыру мәселелері қаралды.
Аудан орталығындағы №455 референдум комиссиясы ұйымдастырылған учаскелік референдум комиссияларының оқыту-семинарына қатысып, сұрақтар қойылып, кейстік тапсырмаларды орындауда тиісті бағыт-бағдар берілді. Сонымен қатар ауданында орналасқан 10 ауыл округтері әкімдігіне қарасты 53 референдум учаскі төрағалары референдум бойынша 10 кейстік тақырыптарды ситуациялық сұрақтары талқыланды.
Семинар соңында Түркістан облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Аңсар Өсербаев әдістемелік- практикалық оқыту семинарын учаскелік комиссияларға тұрақты және үздіксіз негізде өткізуді тапсырды.