ЛЕЗДЕМЕЛІК МӘЖІЛІС ӨТІП, ЧЕМПИОН МАРАПАТТАЛДЫ

0
131

Түркістан облысында аймақтың дамуына қарқын қосып, әлеуметтік-экономикалық жетістіктерді көбейту жолында жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Қалалар мен аудандарда түрлі нысандардың құрылыстары, инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп, кәсіпкерлікті дамыту  бағытында, сол сияқты тұрғындардың арасында мемлекеттік көмекке мұқтаж отбасылардың санын кеміту бойынша да жұмыстар жасалып жатыр.

Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаевтың төрағалығымен лездемелік аппараттық мәжіліс өтті. Жиында әр сала бойынша күн тәртібіндегі құрылыс, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, ауылшаруашылық, отбасының цифрлық картасында Д және Е санаттағы отбасыларының санын төмендету, саяси-мәдени салалардағы шаралар және аудан әкімдігінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуы туралы баяндамалар жасалып, тиісті мәселелер сараланды.

Арман Романұлы әр саладағы кемшіліктерге тоқталып, жұмысқа салғырт қарағандарға шара көруді тапсырды. Бұдан бөлек, аудандағы қаржының игерілуі мен көрсеткіштерін саралап, дербес бөлімдерге тиісті тапсырмалар жүктеді.

Сондай-ақ, 2024 жылдың 21 қыркүйек күні Ақтөбе қаласының Қоныс спорт кешенінде “Alash Pride” 100 турнирінде жерлесіміз, Сүткент ауылының келіні Файзоллақызы Зәмзагүл өзбекстандық қарсыласын қолын қайыру әдісімен жеңіп чемпиондық белбеуге ие болған болатын. Зәмзагүл жекпе-жек спортымен біраз жылдан бері айналысып, бірқатар жеңістерге жетіп жүрген спортшы. Ол Астанада өткен көшпенділер ойынында да күресіп, жеңімпаз атанған болатын.

Шарадара аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев жерлесімізді қабылдап құрмет көрсетті. Сондай-ақ, аудан әкімінің атынан Алғыс хат пен сый-сияпат тапсырып ыстық лебізін білдірді.