8 АЙДА 200 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖОЛАУШЫ ҚАТЫНАҒАН

0
60

Түркістан облысы өзінің территориясының табиғи әралуандығымен, тарихи архитектуралық жәдігерлерінің молдығымен, археологиялық көне қалашықтар орындары мен олардан табылған адамзат дамуының әр кезеңдеріндегі еңбек құралдары, әскери қару-жарақ түрлері, тұрмыстық заттарымен, ұлттық дәстүрлерге сай ұлттық астрономия, сусындар, ұлттық ойындар мен өнер, тағы басқа да рухани, этно, танымдық, тау саяхаты сияқты туризм түрлерімен ішкі және сыртқы туристерді қызықтырып, тартатын өңір. Облыс орталығы ғана емес исі түркі халықтарының, мұсылмандардың рухани орталығы саналатын Түркістан қаласын жан-жақты дамыту мен оның әуе, теміржол, автокөлік жолдарының саны мен сапасын, жайлылығын жақсарту мемлекеттік деңгейде қолға алынып жатқан мәселелер қатарында. Сондықтан да, облыста басқа мәселелермен қатар жол қатынастары, туризмді дамыту облыста қолға алынып, жол қатынастары жақсартылуда.

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында «Келесі мәселе. Көлік-логистика секторын дамыту – стратегиялық мәні айрықша басымдық. Еліміз Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасқан. Бұл – бізге әлемдік бәсекеде зор мүмкіндік беретін артықшылық. Сондықтан көлік инфрақұрылымына салынып жатқан әрбір инвестиция өзін-өзі ақтайтыны сөзсіз.

Біз кейінгі ұрпаққа жоғары сапалы авто және теміржолдарды қалдыруымыз керек. Сондай-ақ тиімді жұмыс істейтін әуе хабтарын, теміржол бекеттері мен теңіз порттарын салуымыз қажет. Бұл ретте бірқатар кешенді мәселені шешкен жөн.

Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» халықаралық әуежайы арқылы қазіргі уақытта Ыстамбұл, Кувейт, Абу-Даби және республикаішілік Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Орал, Қостанай әуе рейстері қатынайды. Рейстерді «Turkish Airlines», «Jazeera Airways», «Wizz Air Abu Dhabi», «Fly Arystan», «Scat» және «Qazaq Air» әуекомпаниялары орындайды», — деді.

2024 жылдың 8 айында әуежай арқылы 197 300 жолаушы қатынаған. Оның ішінде халықаралық рейстерге – 54 900 жолаушы, ішкі рейстерге – 142 400 жолаушы ұшқан. Ал жүк тасымалы биыл 487,6 тоннаға жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11 есеге артқан.

Түркістан қаласынан Анталия, Самарқанд, Мәскеу, Баку, Үрімші қалаларына әуе рейстерін ашу бойынша «Fly Arystan», «Centrum Air», «Fly Khiva» әуекомпанияларымен келіссөздер жүргізілуде. Сонымен қатар, Астана және Алматы бағыттарына рейстер санын көбейту жоспарлануда.