ӘКІМ АУДАН ОРТАЛЫҒЫН АРАЛАП, МӘМС ПЕН ОТБАСЫ КАРТАСЫ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

0
58

«Қуатты өңірлер – Ел дамуының драйвері» жобасы мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық дамуына қарқын қосуды мақсат етеді. Яғни мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың, бюджеттік қаржылардың арқасында елдің барлық аймақтарының дамуына серпіліс берілмек. Өңірлердегі қала, аудандардың қарқынды дамуы олардың ғана әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсартып, қоймай сол арқылы бүкіл еліміздің азаматтарының өмір сүру деңгейін көтеріп, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының жақсаруына ықпал етеді.

Түркістан облысы Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров аудан орталығы Шорнақ елді мекенінің басты көшелерін аралап, қасбеттерді ретке келтіру жұмыстарының барысын бақылады. Аталған аумақта жол іргелері жөнделіп, жарықтандырылып, инфрақұрылымы жақсарып келеді. Орталықты көркейту бағытында саябақ пен рәміздер алаңы салынады. Аудан басшысы нысандарды аралау барысында атқарылған жұмыстарды саралап, ауылдық округ әкіміне және тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Сауран ауданының орталығы Шорнақ елді мекені бүгінде жаңа келбетке еніп келеді. Аудан орталығы болған 3 жыл көлемінде құрылыс қарқыны күн санап артып, әлеуметтік нысандар бой көтеруде. Жаңа аллеялар салынып, пайдалануға берілуде. Ауданның осындай көз ілеспес жылдамдықта дамып, түрленіп жатқанына Шорнақ жұртшылығы өз алғыстарын білдіруде.

Сол сияқты Түркістан облысында медициналық міндетті сақтандыру, отбасының цифрлық картасы бойынша да жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Ол бағыттағы жұмыстардың барысы өңір басшыларының жауапкершілігі мен бақылауында.

Сауран ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаевтың төрағалығымен бүгінгі таңға дейін аудан әкімінің апталық мәжілістерінде берілген тапсырмалардың орындалуы бойынша жиналыс болып өтті. Жиынға жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Дәуірхан Асылбек, білім, денсаулық салалары және жұмысшы топ мүшелері, ауылдық округтерінің жауапты мамандары қатысты. Жиналыстың күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Атап өтсек, міндетті әлеуметтік мидициналық сақтандыру жүйесі, отбасының цифрлық картасы бойынша тапсырмалардың орындалуы сұралды.

Жиналыстың күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық емхананың жауапты маманы баяндама жасады. Баяндамашының мәлімдеуінше аудан әкімінің өкімімен медициналық сақтандыру жүйесінде халыққа медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жоғарылату мәселелері бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, өз деңгейінде жұмыс жасамай жатқан ауылдық округтерін атап өтті.

Отбасының цифрлық картасы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Қахраман Мирзараймов хабарлап өтті. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, отбасының цифрлық картасы деректерін, өзектендіру мақсатында мүдделі органдардың өкілдерінен аудандық және ауылдық деңгейлерде жұмысшы топтың атқаралып жатқан жұмыстарын жеткізді.

Жиналысты қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша өз деңгейінде орындамаған ауылдық округтер мен тиісті бөлім басшыларын сынға алып, толық орындауды тапсырды.