ҚАРАМҰРТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

0
84

Түркістан облысында инфрақұрылымдармен елдімекендерді қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бағытында жоспарлы түрде тұрақты жұмыстар жүргізіліп келеді. Халықтың қолайлы да жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету мақсатында елдімекендерде әлеуметтік нысандар салынып, жөнделіп, ауызсу, электр қуаты, автокөлік жолдары, табиғи газ тарту мен инфрақұрылымдардың сапасын арттыру бойынша тапсырмаларды орындау бағытында нақты істер атқарылуда.

Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов Қарамұрт ауылдық округі тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында жол жөндеу жұмыстарының сапасымен танысты.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылы Жеті мама, Х.Нигмаджанов және М.Шерметов көшелеріне асфальт жамылғылары төселген болатын.

Ұзындығы 6,2 шақырымды құрайтын аталған көшелерді жұмыстары «Ауыл — Ел бесігі» жобасы аясында қолға алынған.

Жалпы ауыл округ аумағында 31 көше болса, оның ішінде, 20 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілген.

Аралау барысында аудан басшысы 11 көшеге асфальт төсеу бойынша жобалық-сметалық құжаттарды жүйелі дайындауды жүктеді.

Сол сияқты аудан әкімі Арман Сәбитов Қарамұрт  ауылдық округі тұрғындарымен кездесу кезінде мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу бойынша атқарылатын жұмыстар барысын бақылады.

Мәдениет ошағы 0,36 гектарды құрайтын аумақта орналасқан. Үш қабатты ғимаратта жалпы 92 бөлме бар. Оның ішінде, кітапхана, оқу залы және «Қазпошта» орналасқан бөлігіндегі қызмет алушылар мен қызметкерлерге қолайлы жағдай жасау мақсатында жылыту жүйесі тартылған.

Аралау барысында аудан басшысы бұған дейін табиғи газы тартылып, қазандығы салынған мәдениет үйінің құрылысын жіті қарап шықты. Жауапты тұлғаларға қалған бөлмелерін жылыту жүйесімен толығымен қамтып, жобалық-сметалық құжаттарын дайындау бойынша бірқатар тапсырмалар берді.