ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС ӨТТІ

0
123

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – Қазақ тілі. Әлемдегі ең сөздік қоры көп ұлттық тілдердің қатарына кіретін қазақ тілін бірінші кезекте қазақ мектептерінде, сол сияқты басқа этностардың мектептерінде оқытуды ұтымды ұйымдастырып, сапалы білім беруге қол жетізілуі маңызды. Мемлекеттік тіл мемлекет азаматтарына ұлтына, дініне, саяси көзқарасына қарамастан біріктіруші тіл болғандықтан ол тілді оқытудың сапасын арттырып, озық әдістермен толықтыра түсу қажет.
2024 жылдың 03 қазан күні Түлкібас ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері Оразбаева Гулдана Бейсенбайқызының жылдық жоспарына сәйкес, Абай атындағы мектеп-лицейінің базасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің педагогтерімен әдістемелік кеңесі өтті.
Әдістемелік кеңестің күн тәртібінде:
2024-2025 оқу жылының жоспары таныстырылды.
Жас мамандарға тағайындалған тәлімгерлік жұмыстардың жүйелілігі мен жас маманды қолдау барысы туралы
Пән олимпиадаларына дайындық жұмыстарына кеңестер берілді.
Педагогтердің біліктілік арттыру курстарынан кейінгі кәсіби қолдау жұмыстары пысықталды.
«Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында интербелсенді әдістерді тиімді пайдалану. Жасанды интеллект құралдары. /Ә.Молдағұлова ат.ЖББМ Г.Қойлыбаева/
Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс жасау өзектілігін түсіндірілді. «Оқытудың жаңа технологиясын қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінде қолданудың ерекшеліктері мен мүмкіндіктері» /»Жиынбай» ЖББМ Г. Нуржигитова /
Әдістемелік кеңеске барлық білім беру ұйымдарынан бірлестік жетекшілері мен жас мамандар, жалпы -60 педагог қатысты.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер жан-жақты талқыланып, педагогтар тарапынан сұрақтар қойылып, жас маманмен жұмыс, тәлімгерлік жұмыс, жоба жұмыстары т.б. жайлы педагогтар өз ұсыныстарын айтып, ойларын ортаға салды.
Іс-шара соңында пән әдіскері барлық ұстаздарды мерекемен құттықтап, шығармашылық табыс тілеп, алғыс білдірді. Осындай аудан көлемінде кең ауқымды жұмыстар әсіресе, жас мамандар клубы аясында атқарылатын іс-шаралар әр айға жоспарланып, өткізілмек.