ТАҢДАУ ЖАСАП, БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТУДА
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі № 636 Жарлығына сай, бүгін еліміздің барлық өңірлерінде референдум өтеді. Республикалық референдумға 18 жасқа толған еліміздің барлық азаматтары қатыса алады. Тұрғындар өз бюлетенінде «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген сұраққа иә немесе жоқ деген тұсты белгілеп үн қосады.
Төлеби ауданы аумағындағы 69 сайлау учаскесі өз жұмысын таңғы сағат 7.00 ден бастап, дауыс беруге тізімге енгізілген 69 189 адам өз таңдауын жасау үшін учаскелерге арнайы келуде. Атом электр станциясының құрылысына қатысты шешім елдің экономикалық және экологиялық болашағына елеулі әсер ететіндіктен, халық өз таңдауын жасауға асығуда.
Сайлау учаскелеріне ең алғашқылардың бірі болып келген тұрғындарға арнайы сыйлықтар табыс етілуде. Жалпыұлттық референдум нәтижесі негізінде халқымыз Қазақстанда атом электр станциясын салу қажет пе, әлде қажет емес пе деген мәселені шешеді.
Облыстық мәслихат депутаты Дулат Әбіш, аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Сержан Дүйсебаев, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, аудан әкімінің орынбасары Бақберген Құралбаев бекітілген сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.
Сайлау учаскелері жұмысын таңғы сағат 7. 00 ден бастады. Барлық учаскелер талапқа сай жабдықталды. Мүгедектігі бар азаматтар үшін арнайы құрылғылар қойылған. Азаматтар жеке куәлігін не төлқұжатын көрсету арқылы дауыс бере алады. Учаскелер жұмысын 20.00 ге дейін жалғастырады. Дауыс беру нәтижелері 7-12 қазан аралығында жарияланады.
Төлеби ауданында саяси науқанды өткізу мақсатында 69 дауыс беру учаскесі қызмет көрсетуле. Сайлау учаскелерінде дауыс берушілерге толық жағдай жасалған. Аудандағы кітіпханаларда «Төлеби киелі құт мекен» кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Референдумға келгендер кітап – адамның жан дүниесінің рухани қазынасы, асыл байлықтың өлшемі деп арнайы көрмені тамашалап, өздерін қызықтырған шығарманы оқып, өзара пікір алмасуда. Еліміздегі маңызды саяси оқиғалардан тыс қалмауды ойлаған тұрғындар сайлау учаскелеріне келуде.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордада мәслихат депутаттарының ІІ республикалық форумында АЭС құрылысы туралы жалпыұлттық референдум жөнінде «Әлемдегі прогрестен шет қалмау үшін біз бәсекелестікте өз артықшылықтарымызды пайдалануымыз керек. Азаматтар қолдап дауыс берсе, бұл Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең ірі жобаға айналады» деп пікір білдірген болатын.
Референдумға қатысуға арнайы келген жастар №2 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінде «Ән шырқа» атты караоке байқауына қатысып, бақ сынауда. Жеңімпаздар арнайы сыйлықпен марапатталуда.
Ленгір қаласының төбе биі Жамбыл Сейітов отбасымен бірге ел болашағына бейжай қарамай, жауапкершілікпен қатысып, өз таңдауын жасады.
Жеңіс ауылдық мәдениет үйінде жалпыхалықтық референдумға дауыс беруге келген сайлаушыларға “Ұлттық мұра” қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан қолөнер бұйымдарынан көрме өтті. Сарқырама ауылдық мәдениет үйінде жалпыхалықтық референдумға дауыс беруге келген сайлаушыларға ,,Көненің көзі,асылдың сынығы» атты көрме қойылды. Зертас ауылдық мәдениет үйінде жалпыхалықтық референдум қарсаңында «Елімді сүйемін» атты викториналық сұрақтардан жарыс өтті.
Бүгін Бірінші мамыр ауылдық мәдениет үйінде жалпыхалықтық референдумға дауыс беруге келген сайлаушыларға “Менің елім-Қазақстан”атты үйірмеге қатсушы өнерпаздардың концерттік бағдардарламасы тарту етілді.Бүгін Көксәйек ауылдық мәдениет үйінде “Саз әлемі” атты үйірме өнерпаздарының концерттік бағдарламасы тарту етілді.