РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРУШІЛЕРГЕ ЖОҒАРЫ КӨҢІЛ КҮЙ СЫЙЛАНУДА

0
95

Еліміздің Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығына сай, бүгін еліміздің барлық өңірлерінде референдум өтуде. Саяси науқанда жасы 18-ге толған еліміздің азаматтары «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» сұрағына өз жауабын белгілеп, таңдауын жасауда. Жалпыұлттық маңызңа ие дауыс беру шарасына түркістандықтар да белсене қатысуда.

Түлкібас ауданының аумағында 60 референдум учаскелері таңғы сағат 7-00 ден өз жұмысын қызу бастап кетті. Аймақта сайлаушылар саны 60 268 адамды құрап отыр.

Түлкібас ауданы, Түлкібас кентіне қарасты барлық сайлау учаскелерінде атап айтқанда №841, 842, 843, 844, 845 референдумға алғашқы болып Аудан орталығына қарасты Абай атындағы мектеп-лицейінде орыналасқан №806 сайлау учаскесіне бүкілхалықтық референдумге дауыс беруге  келген жерлестерімізді аудан өнерпаздары әсем әнмен қарсы алды.

Дарынды өнерпаздарымыз бен ұлттық нақыштағы киім үлгісіндегі мың бұралған бишілеріміз дауыс берушіліерді көтеріңкі көңіл-күйге бөледі.

Өз таңдауын жасауға келген ауыл ақсақалдары дауыс беріп болған соң концерттік бағдарламаны тамашалап, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.Айта кетерлік, аталған учаскеде 1001 сайлаушы тіркелген. Солардың ішінде Түлкібас ауданына қарасты Азаттық елді мекенің көпбалалы отбасы Ирсалиевтер де бар.

Бүгінгі таңда зейнеттік жастағы отағасы Ирсалиев Иянали жұбайы Умрай ханым және бала-шағасымен бірге азанымен референдум учаскесіне барып, еліміздің болашағы үшін өз таңдауларын жасады.

«ЗАМИР» қоғамдық бірлестігінің белсенділер клубы мүшелері бүгін референдумда сайлау заңдары талаптарының орындалуын қадағалауда.

Шардара ауданы бойынша да бүгін сағат таңғы 07:00-ден бастап барлық референдум учаскелері ашылып, жұмысты бастады. Шардара ауданы бойынша 33 референдум учаскесі құрылған. Онда 43 675 дауыс беруші тіркелген.

Ерекше жағдайды қажет ететін мүгедектігі бар адамдарға қолайлы жағдай жасау мақсатында аудандағы барлық сайлау учаскелері бірінші қабатқа орналастырылып, толығымен пандустар орнатылған.

2024 жылы 6 қазан – Референдум күні шардаралықтар учаскелеріне еш кедергісіз жетуі және дауыс беруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында бүгін қаладағы қоғамдық көлік жолаушыларды тегін тасымалдайды. Аудандағы сайлау учаскелерінде дауыс беруге келушілердің көңілін көтеріп, сергітіп, мерекелік көңіл сыйлау үшін көптеген мідени іс-шаралар да ұйымдастырылып, өткізілуде. Дауыс беріп шыққан адамдар түрлі мәдени шара, көрселерді және спорттық жарыстарды қызықтап қана қоймай өздері де белсене қатысуға мүмкіндік алған.

Аудандағы сайлау учаскелеріне келіп дауыс берушілер арасында жас отбасылары көп, белсенділігі жоғары екені байқалады. «Референдумға қатысып, өз таңдауымызды жасау үлкен жауапкершілік. Әр адам өзінің дербес таңдауын жасап,дауыс беруі бұл ел ертеңін ойлауы деп білеміз» — дейді жас отбасылар.