МЫРЗАКЕНТ, ЖАҢАЖОЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

0
66

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының талаптарын орындау мақсатында жергілікті атқарушы органдар өз территориясында тұрақты өмір сүріп жатқан азаматтармен жиі байланыста болып, дұрыс диалог өрбітіп, түсіністікке құрылған қарым-қатынас орнатуы тиіс. Ол үшін жергілікті әкімдер тұрғындармен кездесулер, жеке қабылдаулар, «Ашық есік» күндерін өткізу арқылы азаматардың өтініш-тілектерін біліп, тыңдап, оларды орындап отыруы тиіс. Соның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, қоғамды одан әрі демократияландыру, елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы халықты хабардар ету, жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын және жауапкершілігі мен есептілігін арттыру мақсатында және бекітілген жоспар бойынша Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов Мырзакент кентінің тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізді.
Жиын барысында Бақыт Насырханұлы 2024 жылдың 8 айында атқарған жұмыстар жөнінде баяндама жасап, іске асырылып жақан жобалар туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, кездесуде халықты толғандырған әлеуметтік мәселелерге баса назар аударып, кенттегі өзекті мәселелер және оның шешімі туралы айтып өтті.
Жиын соңында халыққа ашық микрофон ұсынылып, тұрғындар спикерге өздерін толғандырған сұрақтарды қойды.
Аудан әкімі мәселе көтерген және сұрақ қойған әрбір тұрғынға кезекпен жауап беріп, кезек күттірмейтін мәселелер шешімін табатынын айтып түсіндірді.
ҚР Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, қоғамды одан әрі демократияландыру, елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы халықты хабардар ету, жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын және жауапкершілігі мен есептілігін арттыру мақсатында және бекітілген жоспар бойынша Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов Жаңажол ауылдық округінің тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізді.
Жиын барысында Бақыт Насырханұлы 2024 жылдың 8 айында атқарған жұмыстар жөнінде баяндама жасап, іске асырылып жақан жобалар туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, кездесуде халықты толғандырған әлеуметтік мәселелерге баса назар аударып, округтегі өзекті мәселелер және оның шешімі туралы айтып өтті.
Жиын соңында халыққа ашық микрофон ұсынылып, тұрғындар спикерге өздерін толғандырған сұрақтарды қойды.
Аудан әкімі мәселе көтерген және сұрақ қойған әрбір тұрғынға кезекпен жауап беріп, кезек күттірмейтін мәселелер шешімін табатынын айтып түсіндірді. Сондай-ақ, мәселесін жеке айтамын деген тұрғындар үшін жеке қабылдау өткізді.