«ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ» ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН ТЕКСЕРДІ

0
68

Қазақстанда білім беру саласын заман талабына сай реформалап, заманауи білім ғимараттарын салу, білім беру жүйелерін жетілдіру, оқыту процесін инновациялық әдістермен қамтамасыз ету сияқты жұмыстар үздіксіз жүргізілуде. Солардың ішінде Мемлекет басшысының бастамашылдығымен еліміздің барлық аймақтарында салына бастаған «Жайлы мектеп» бағдарламасын іске асыру да бар.
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласында салынып жатқан “Жайлы мектептердің” құрылыс жұмыстарының жай-күйімен танысты.
Алдымен аудан басшысы А. Оспанов көшесінің бойындағы «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан 300 орындық білім ордасының құрылыс жұмыстарының барысын бақылады.
Қазіргі таңда, мектеп ғимаратының жер жұмыстары, спорт және акт залының фермаларын орнатылған. Сонымен қатар, бірінші қабатының жылыту, желдету жүйесі, ішкі электр жүйесін жүргізу жұмыстары және екінші қабатының ішкі сылақ жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы құрылыс алаңында 6 техника және 32 адам жұмылдырылған.
Келесі кезекте аудан әкімі Телемұнара шағын ауданында салынып жатқан «Жайлы мектептің» құрылыс жұмыстарының барасын саралады.
Нысанның шатырын жабу жұмыстары басталып, сыртқы қоршауларына бетон құю, ішкі жылу жүйесін орнату жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, құрылыс нысанының сыртқы жауын сулары ағатын лотоктар орнатылуда. Жалпы құрылыс жұмыстарына 145 адам жұмылдырылған.
Бүгінгі күнге дейін атқарылған құрылыс жұмыстарының жағдайын саралай келе аудан басшысы мердігер мекеме өкіліне құрылыс жұмыстарының қарқынын күшейтуді, сонымен қатар мерзімінде және сапалы аяқтау қажет екенін ескертті.
Акрамбек Умаров — Дербісек ауылында алғаш гүл өсіруді қолға алғандардың бірі. Үй іргесіндегі жылыжайында қалампыр мен қызғалдақ, голландиялық альстромерия да жерсінген. Күтімі жақсы раушан гүлі 45 жылдан бері жайқалып тұр. Еңбек адамының ерекше ықыласы шаруашылыққа оң серпін берді. Бүгінде жылыжайы 2,5 гектарға дейін ұлғайтылып, заманауи қондырғылармен жабдықталған. Тамшылатып суару технологиясы мен климатты реттеу жүйесі енгізілді. Осының арқасында бақытгүлінің көшеті көбейтіліп, кезең-кезеңімен гүл ашатын 20 түрі егілді.